ҚАРМАҚШЫҒА КЕЛЕР ЖЫЛЫ ГАЗ КЕЛЕДІ
Келер жылы Қармақшы ауданының тұрғындары табиғи газдың игілігін көреді. Ол үшін республикалық бюджеттен 500 млн теңге, облыстық бюджеттен 55,6 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, мердігер мекемемен келісім-шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Жосалы кентіндегі автоматтандырылған газ тарату стансасын орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан газ құбыры – бұрыпының құрылысы жүргізілуде. Аталған жұмыстардың аяқталу уақыты - 2018 жылдың сәуір айы деп белгіленіп отыр.
Жалпы газдандыру жұмыстары аймақтың сенімді энергетикалық базасын құрып, тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге, өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуының динамикасына оң септігін тигізеді.