ҚАРМАҚШЫДА АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ ЖАҚСАРДЫ
Автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына да үлкен мән берілуде. 2017 жылы ауданның автокөлік жолдарын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен барлығы 100,6 млн.теңге қаралған.
Қаралған қаржыға төмедегі жұмыстар жүргізілуде 2017 жылы аудандық бюджеттен 30 млн 614 мың теңге қаржы бөлініп, оның 25 млн.теңгесіне бір шақырым болатын «Самара-Шымкент-Ақтөбе» автожолын жөндеу жұмыстары жүргізілді және қалған 5 млн 600 мың теңге қаржысы елді мекендердің жолдарын қыс-мезгілінде күтіп ұстау жұмыстарына конкурстық процедуралар өтуде. Сонымен қатар, елді мекендердің автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына 70 млн.теңге қаржы қарастырылды.