Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АРМАН

АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АРМАН

Кезінде асау толқыны жағаға соғып, бекіресі аттай тулаған теңіздің біраз бөлігі қазір көзден ғайып болғаны рас. Алайда, Елбасының ерең еңбегімен теңіздің жаңа тынысы ашылғаны баршаға аян.
Қазір тіршілік жанданып, айнала жаңарғандай. Себебі, Аралдың солтүстік аумағындағы теңіз айдынын сақтап қалу мақсатында іргелі жоба қолға алынды. Бастысы, Арал толысты, арнасы ұлғайды.
Осындай ірі бастамаға Елбасының өзі ұйытқы болып, тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарынан Аралды сақтап қалу мақсатында жарқын жобаны қолға алды. Аталмыш жоба аясында бес мемлекет басшыларының басын қосып, бұл мәселені алғаш рет халықаралық деңгейде талқылады. Соның нәтижесiнде «Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және теңiздiң солтүстiк бөлiгiн сақтау» «САРАТС» жобасы дүниеге келдi. Оның алғашқы кезеңiнде Көкарал бөгетi тұрғызылып, Ақлақ су тоспасы салынды. Сырдария өзенiнiң арнасы реттелiп, Қараөзек, Әйтек тоспалары қайта жаңғыртылды. Кiшi Аралдың суы бұрынғы жағалауына жақындап, теңiз көлемi бес есе ұлғайды. Теңіздің осылайша ауылға қайта бет бұрып келе жатқанына аралдық ағайынның қуанышы айрықша. – Біз бала күнімізден осы топырақта туып-өстік. Осында өсіп-өніп, қызмет жасадық. Біздің ауыл теңіздің солтүстік-шығысында 12 шақырымдай жерде орналасқан Ақбасты деген елді мекен. Бұрын теңіз табаны болған. Кейін теңіздің тартылуына орай ауыл аумағы құрғап, халық отырықшылана бастаған. Су қайтқан кезде мұндағы халықтың жағдайы мүшкіл болды. Рухани жағынан да, әлеуметтік жағдайынан да біраз ауыртпалықты бастан өткерді. Мұндағы тұрғындардың негізгі кәсіп көзі – балық өнеркәсібі де біршама тұралап қалды. Сонда да сол кезде ауылдан көшімізді бөлектеп, қоныс аудару мүлдем ойымызға келмепті. Не көрсек те, көппен бірге көрейік деп қарт теңіздің табанында тұрақтауды құп көрдік. Себебі, Аралдың қайтып ораларына сендік, үмітпен қарадық. Тәубә, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында қазір теңіздің деңгейі жоғарылады. Көлемі ұлғайып, бұрын сексеуіл басқан сары даланы су шайып келеді. Балықтар да көбейіп, атакәсіп жанданды. Жаз мезгілінде адамдар суына да шомылып, маусым рақатын сезініп жүр. Балық зауыттары қайта іске қосылып, тіршілігіміз тіріле бастады, – дейді жасы сексеннің сеңгіріне шыққан Сәуелхан Смағұлов есімді ауыл ақсақалы.Расында, мұнда қазір бәрі басқаша. Ұлт Көшбасшысының Аралды қайта оралтуға сіңірген еңбегі мен оған жасаған қамқорлығы ерекше. Мәселен, жоғарыда сөз болған жобаның бiрiншi кезеңiнде-ақ теңiздiң су деңгейi бірден 4 метрге дейін көтерілді. Су арнасын аудан орталығына 50 шақырымнан астам аумақта жақындатуға, аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға, өңiрдегi көлдер жүйесiн қалпына келтiруге жағдай жасады. Сондай-ақ, жойылып кеткен ондаған балық түрлерiнiң қайта пайда болуына мүмкiндiк бердi. Ақсақал айтпақшы, балық аулау деңгейi де айтарлықтай ұлғайып, шаруашылық алға дами бастады. Соның нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылды. Мұнда маусымдық жұмыстардың өзiнде 3 мыңнан астам адамның жұмыспен қамтылуға мүмкіндігі бар. Осындай ілкімді істердің арқасында жылдық балық аулау лимитi сегiз мың тоннаға жеткен. Оның басым бөлігі Еуроодақ елдерiне тiкелей экспортталуда. Қарап отырсақ, мұның барлығы да елдiң мерейiн көтеріп, болашаққа деген сенімділіктің нығая түсуіне ықпал ететін шаралар екені даусыз.Ал, аралдықтардың ендiгi үмiтi – ғасыр жобасының екiншi кезеңiн сапалы нәтижемен жүзеге асыру. Бұл жоба бойынша Көкарал бөгеті тағы 5-6 метрге көтеріліп, су деңгейі 50 метрге жетеді деп жоспарланған. Мұның өзі Кіші Аралдың барлық жеріне дерлік су барып, теңіз жаратылыстарының уыл¬ды¬рық шашуына жол ашпақ. Сондай-ақ, судың құрамы бұрынғыға қарағанда біршама тұщиды деп күтілуде. Табиғи өсім есебінен көбейген балықты аулау 2-3 есеге артады. Ал, жоба толығымен сәтті іске асқан жағдайда теңіз суы Арал қаласының маңына дейін жақындайды деп көзделіп отыр. Осының нәтижесінде маңайдағы бұрын құрғап қалған көлдердің табанына толығымен су жетеді. Біз айтып отырған жобаның діттеген мақсаты да осы.Осылайша, ақ ша-ғалалар қаңқыл қағып, сары сазандар мен ақ тырналар тіршілік тыныстарын кеңейткен өңірдің жыл санап өркендеу жолына түсіп келетіндігі көңіл қуантады. Елбасының «Мен Аралға кө¬мек¬тесемін деген арманыма жеткеніме қуаныштымын» деген сөзі де мұндағы жерлес ағайынның жүрегіне мәңгілікке жазылып қалғандай. Ендеше, кезінде құтты қонысынан үдере көшкен аралдықтар туған өлкеге оралып, теңіз төс¬кей¬ін-де қайырлап қалған қайықтардың су айдынына қайта шығатын күні де алыс емес.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
03 қазан 2017 ж. 2 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам