ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КӨЛІК САЛАСЫНА 80 ЖЫЛ
Бүгін көлік саласы қызметкерлерінің күніне орай А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара өтті.
Аталған шара барысында сөз алған Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов көлік саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала ардагерлерін, көлік саласының дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді алғыс хаттармен, медальдармен, төс белгілермен марапаттады. Сонымен қатар, көрермендер назарына мерекелік концерт ұсынылды.