НƏТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ
Қармақшы ауданында жыл басынан бері қоғамдық жұмысқа жергілікті бюджеттен 25 млн 683 мың теңге қаржы қаралды. 2017 жылы 339 жұмыссыз азаматтар жіберіліп, 18 млн 58 мың теңге қаржы игеріліп отыр.
«Нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» қатысуға жыл басынан жалпы саны 2742 адам хабарласқан. Олардың барлығымен əлеуметтік келісім шарт жасалды. Оның ішінде: 29 адам өзін-өзі қамтығандар, 2713 адам жұмыссыз.
Бағдарламаның І - бағыты бойынша 2017 жылға қайта даярлау курсына 250 адам жоспарланса, 2017 жылдың 9 айында 100 адам оқуға жолданды. Қазіргі таңда облыстық бюджеттен қаралған 33 млн 728 мың теңгенің 14 млн 908 мың теңгесі игерілді.
Бағдарламаның ІІ - бағыты бойынша 107 жұмыссыз азамат кəсіпкерлік негіздерін оқытудың «Бастау Бизнес» курстарынан өтіп, қазіргі күні, 31 жоба 83,7 млн теңгеге несиелендірілді. Қосымша қайтарылған қаржы есебінен реинвест арқылы 25 адамға 70,0 млн. теңге қаржы қаралды.
Бағдарламаның ІІІ-бағыты бойынша əлеуметтік жұмыс орындарына республикалық жəне жергілікті бюджеттен 2017 жылға 55 адамға 15 млн. 132 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға аудан бойынша 18 кəсіпкерлік субьектілеріне 69 адам жұмысқа жолданып, 12 млн 590 мың теңге игерілді.
Айта кетейік, жастар тəжірибесіне республикалық жəне жергілікті бюджеттен 100 адамға 32 млн 118 мың теңге қаралған. Жыл басынан 109 жас маман 59 мекемеге жолданып, 28 млн. 524 мың теңге игерілді. 15 адам тұрақты жұмысқа орналасты, оның ішінде 1 адам мүмкіндігі шектеулі.