ҚЫЗЫЛОРДАДА 507 АЗАМАТ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫНАН ӨТУДЕ
Кәсіпкерлер палатасы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021жылдарға» арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді оқыту шарасын жалғастыруда.
Бұл ретте Палата шараны үйлестіруші рөлінде.
Қысқамерзімді курстар «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары Реестріне енген оқу орталықтары мен кәсіпорындар жанында ашылған оқу орталықтарында ұйымдастырылуда.
Атап айтқанда, бүгінгі таңда «Бест», «РАИМ», «Қарлығаш» Шеберлер орталығы» ЖШС-рі мен жеке кәсіпкер «Тоқбердиев», «Қуанбаева», «Хабиби салоны» жанындағы оқу орталықтарында 507 жұмыссыз азамат білім алуда. 155 азамат оқуларын аяқтап, мамандық иесі атанды.