Жаңа пән қолданысқа енді
Жаңа оқу жылынан бастап 4,9,10-сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі орталығына білім басқармасының басшысы Майра Тұрғанбайқызы мәлімдеді.
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес 10-сынып оқушыларына жаңа пәндер қосылады. Атап айтқанда «Графика және жобалау», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәндері мектепке енеді. Бұл үшін қажетті оқулықтар мен әдістемелік кешендер сатып алу үшін жергілікті бюждеттен 1,7 млрд.теңге бөлініп, 15 баспамен келісім шарт жасалған.
Сондай-ақ басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, жаңа оқу жылында айтарлықтай жағымды жаңалық көп. Мәселен мектептерде ыстық тамақ ұсыну, лагерьге жолдама беру, 1-сыныпқа оқуға қабылдау, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі автоматтандырылған. Яғни қазіргі уақыттан бастап әрбір ата-ана mektep.sitcen.kz ақпараттық жүйесін қолдану арқылы оқушының қажетті құжатын үйді отырып-ақ электронды нұсқада өткізе алады.
Айтолқын Батырбайқызы