САПАЛЫ БІЛІМ БИІКТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

Онда мектепке дейінгі білім берудің сапасына, еліміздегі барлық мектепте Назарбаев зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін қолдану қажеттігіне баса назар аударды. Сыр өңіріндегі Назарбаев зияткерлік мектебі және облыс әкімдігі арасында жасалған меморандумы аясында аймақтағы 46 инновациялық мектеп жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жұмыс жасауда. Барлық білім беру мекемелерінің ұстаздары аталмыш оқу ошағының іс-тәжірибесіне негізделген курстан өтіп, жаңаша бағытта қызмет жасауға дайындығын пысықтады. Ал негізгі орта білім берудің мұғалімдерін даярлайтын колледждерде барлық пәндер бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қажетті іс-шаралар жүйелі жүргізіп келеді. Сондай-ақ, Елбасы білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнекамерамен толық қамту мен психолог жұмысын да назардан тыс қалдырған жоқ. Алдағы уақытта «Педагог мәртебесі» туралы Заң қабылдау да – еліміздегі барлық ұстаздар қауымына деген тың серпін берері сөзсіз.
Мұғалімнің қоғам алдындағы беделі артып, оны ең зиялы тұлға ретінде қабылдау көзқарасы қалыптасу керек деп ойлаймын. Сонымен қатар, 2019 жылды Жастар жылы деп қабылдау – соңғы буын өкілдеріне жасалып отырған ең тамаша мүмкіндік. Олар – біздің негізгі қозғаушы күшіміз. Жастарға дұрыс өнеге беріп, оларды игі істерге бағыттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру – басты міндет.
Жолдау аясында алдағы міндеттер оқытушыларға жан-жақты түсіндіріліп, нақты орындалатын іс-шаралар жоспарын жасау тапсырмалары берілді.
Бақытжан САЙЛЫБАЕВ,
М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжінің директоры.