Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Апай», «ағай» деген атауларды қолданбаған жөн

«Апай», «ағай» деген атауларды қолданбаған жөн



ҚР Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Президенттің үш тілділікке қатысты ұстанымын толық қолдайтынын жеткізді.
Оның айтуынша біраз уақыт бұрын парламент қабырғасында осы мәселені көтерген.
«Әлемнің бірде-бір елінде үш тілді бірінші сыныптан бастап оқытпайды. Біздің министрлердің бұған келгенде көзі соқыр, құлағы саңырау болып қалды. Осы кезге дейін үш тілділікке байланысты мемлекеттің ондаған миллиард қаржысы желге ұшты. Оған кім жауап береді?», - дейді Мұрат Бақтиярұлы фейсбуктегі парақшасында.
Сенатордың айтуынша өзін-өзі сыйлайтын мемлекетте мемлекеттік тіл ең басты құндылық болуы тиіс.
«Бұл өзгермейтін аксиома. Ғасырлар бойы отарлықтың қамытын киген біздің ел үшін бұл өте өзекті мәселе. Елімізде мынау қазақ мектебі, анау орыс мектебі деген бөлуді қоятын кез келді. Жалпы орта мектептердің барлық пәндерін мемлекеттік тілде оқытуды қолға алуымыз керек. Тек орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі сол аталған тілдерде берілуі тиіс. Келешекте орыс тілінің сағаттарын қысқарту арқылы әлемдік тіл ағылшын тілінін сағаттарын көбейтуге болады. Сонымен қатар, мектеп оқушыларына әдеп, қоғамдық орындарда өзін қалай ұстауды, табиғатты, қоршаған ортаны, адамды сүюді, еңбекке баулу және оны қастерлеуді, отбасылық құндылықты қадірлеуді үйретуге барынша көп уақыт бөлген дұрыс деп санаймын. Ұзақ жылдар оқушылар тарапынан қалыптасып қалған мектеп мұғалімдеріне “апай, ағай” деген атаулардан айырып, Ұстазым деп атаған дұрыс болар деп ойлаймын. Бұл ұстаз мәртебесін биіктете түседі», - дейді сенатор.


21 тамыз 2019 ж. 1 880 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам