«ТІЛДІҢ ҮШ ТҰҒЫРЛЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен барлық білім беру ұйымдарында үштілділік саясатының насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді.
Соның бірі «Сыр дидары» балабақшасында «Тілдің үш тұғырлығы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында балабақшаның орыс тілі, ағылшын тілі мамандары үш тілде ән шырқады. Бағдарламаға сәйкес ересек тобының тәрбиеленушілері интербелсенді тақтадан көрсетілген видеосұрақтарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жауап беріп, ұяшықты таңдау арқылы үш тілде өлеңдер мен тақпақтар айтып, мақал–мәтелден жарысқа түсті.
Оқу қызметі барысында логопед маманы кіріктіріліп, балаларды үш тілде «р» дыбысын дұрыс айтуға машықтандырды. Балабақша тәрбиешілері «Дымбілмеске көмектес» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметінде ойын технологиясы, Фребель таяқшалары, АКТ технологиясы, В.Восковович ойын әдістерін пайдаланды. Сонымен қатар, «Кім байқағыш» атты дидактикалық ойыны ойнатылып, балалар үш тілде заттардың атауларын атады. Мысалы: қағаз-бумага-paper. «Санына қарай затты тап» атты ойыны барысында бүлдіршіндер үш тілде жақсы санай алатындарын көрсетті. Мысалы: 1-один-one, 2-два-two, 3-три-three. «Қанатты достар» атты оқу қызметі барысында түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы тақырыпқа байланысты жұмбақтар жасырылып, балалар шешуін үш тілде айтты.