Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БИЛЕУГЕ БОЛМАЙДЫ: ЕРНАР АЙДАР ЖОЛ АПАТЫНАН КЕЙІН ДЕНСАУЛЫҒЫНА КЕЛГЕН ЗАҚЫМ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

БИЛЕУГЕ БОЛМАЙДЫ: ЕРНАР АЙДАР ЖОЛ АПАТЫНАН КЕЙІН ДЕНСАУЛЫҒЫНА КЕЛГЕН ЗАҚЫМ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

  Жол-көлік оқиғасынан кейін, көпшілік көзінен алшақтаған Ернар Айдар жуырда тыңдармандарын тың жаңалықтарымен қуантпақ. Бүгінде жеке кешіне әзірлікті бастаған әншіге, жол апатынан кейін көп қозғалуға болмайтынын ескерткен. Ал, концерттегі би қойылымдары ше? Ернар тығырықтан қалай шықпақ?!Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Ернар бұл кешті көктемде өткізуді көздеген! Алайда, тосыннан болған жол апаты жоспарының күл-талқынын шығарады. Ауыр жарақаттан кейін, әнші жігітке дәрігерлер қатты қимылдауға рұқсат бермей отырған көрінеді.
“Дәрігерлер қазір де рұқсат бермейді. Бірақ, билеуге болады. Қатты секіріп емес енді. Кішкене аяқты жерден қатты көтермей. Секірмей-ақ, әдемі билер бар ғой өзі. Мынау омыртқаға ғана салмақ салмасақ болды”, – дейді Ернар.
Сынаққа төтеп берген сері, жуырда тыңдарманға ауқымды шоу ұсынбақ ниетте. Өйткені, биыл мерейтойы! Ернардың кәсіби сахнадағы мансабына 5 жыл толған. Сондықтан, концерттің ел есінде сақталғанын қалайды. Бұрындары, би қимылдарына бас қатырмайтын жігіт, бұл жолы кәсіби хореграфтың көмегіне жүгініпті.
“Айырмашылық бар. Сен кәсіби маманнан бір қимылды үйреніп аласың. Мысалы, сахнада көрсетілетін бір қимылдың өзін 2 сағаттап, 3 сағаттап күніге дайындаласың. Соны сахнада әдемі көрсету үшін”, – дейді Ернар Айдар.
Бірақ, Ернар зақымданған омыртқасын да естен шығармау керектігін жақсы біледі. Өйткені, концерт барысында өнер иесіне жүктелген қауіпті трюктер де бар екен.
“Бір-екі трюктер көрсетті де. Мен кәдімгідейі жоғарыдан құлап тұрып, олар ұстап қаламыз деп жатыр енді. Қайтадан тұрғызып жібереміз деп жатыр, сол жағы кішкене уайым болып тұр енді. Соған кішкене дайындық керек сияқты. Көреміз енді… Егер болмай жатса, оны тоқтатуға дұрыс келеді. Дұрысы сол!” – дейді Ернар Айдар.
Сондай-ақ бұл кеште Айқын, Мөлдір Әуелбекова, Нұржан Керменбаев, Серік Ибрагимов және Айкерім Қалаубаева Ернармен жаңа дуэттердің тұсауын кеспек.
27 қараша 2017 ж. 2 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 074 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам