ЕРНАР АЙДАРДЫҢ ӘЙГІЛІ ӘНІ ПЛАГИАТ БОЛЫП ШЫҚТЫ (ВИДЕО)
«Күнім, сен сөнбеші» әнімен талайдың жүрегін елжіреткен Ернар Айдардың қулығы әшкере болды. Ернардың аталмыш әні плагиат болып шықты. Әнші Марлен мен Әнелдің хикаясын арқау еткен әнді түрік әріптесінен көшіріп алған, деп жазады Stan.kz.
Түркия әншісі Елнар Хелиловтің бейнебаяны желіде 2016 жылы пайда болған.
Zhuldyz.tv арнасының хабарлауынша, аталмыш әннің сөзін де, сазын да, өңдеуін де Елнар Хелиловтің өзі жазған. Ал біздің Ернар жай ғана орындай салып, өлшеусіз қошеметке ие болды.
Бір қызығы, әннің түпнұсқасы 5 миллионға жуық қаралса, Ернардың нұсқасын 8,5 миллион жан тамашалап үлгерген.