Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Тамаша» ойын-сауық отауының актеры қарттар үйін паналап жүргені рас па?

«Тамаша» ойын-сауық отауының актеры қарттар үйін паналап жүргені рас па?


Күні кеше қазақстандық киноиндустрияның қоржыны тағы бір тың туындымен толықты. «МногоДЕДный» деп аталатын картинада қарттар үйін мекендеген егде жастағылардың күйбең тірлігі суреттеледі, деп хабарлайды
Shownews.kz тілшісі.
Комедия жанрындағы аталған кинолентада басты рөлдердің бірін сомдаған – Қадырбек Демесін. Азулы актер өзіне жүктелген образға ену үшін, тағдыр тәлкегіне түскен қарияларлардың жай-күйімен жақынырақ танысып қайтыпты.
«Өзім тұратын жақта «Қарттар үйі» бар. Арасында таныс адамдар бар. Араласып, кездесу жасап тұрамыз. Сонда біраз сұхбаттасамыз, әңгімелесеміз. Енді біз актер болғанан кейін ескертіп айтпаймыз. Сырттай бақылап отырамыз. Ішкі жан-дүниесі қалай болады? Бәрібір маған мына жер ұнайды дегенімен, бірақ ішінде ураган соғып жатады. Іздейді, өмірде жалғыздық қиын болады. Мың жерден ол жерді мақтасын, психологиялық жағынан бәрібір қиын. Соны ашуға тырыстық», – дейді «Тамаша» ойын-сауық отауының актеры Қадырбек Демесін.
Жүрек тебірентер комедияны таспаға тартқан – Жеңісхан Момышев. Режиссер жаңа жобасы арқылы нартәуелкелге бел буғанын айтады.
«Бірінші болып бастап жатқаннан кейін, бәрі Жеңісхан не істеп жатыр деп ойлап жатыр. Неге мұны түсіріп жатыр деп. Өйткені, таза комедия болса білесіз. Алдында «Бизнес по-казахскиді» түсірдім. Мен түсіре алатынымды дәлелдедім. Ал, әлеуметтік тақырыпты қосып, ой қосу – ол басқа кино», – дейді картинаның режиссеры Жеңісхан Момышев.
Ал, қоғамдағы түйткілді мәселені үлкен экран арқылы дүйім жұртқа ұсынған ұжымның еңбегін тұсаукесерге келген көрермендер жоғары бағалаған.
«Фильмнің соңында статистика шықты ғой. Қазақ азаматтары үшін өте ауыр статистика. Себебі, қазақта әке-шешесін қарттар үйіне тапсыру деген жоқ. Сондықтан, бұл кино қазіргі жастар үшін, біз үшін өте үлкен сабақ деп есептеймін», – дейді Қуат «Найман» Хамитов.
«Қазіргі өмірде ондай жайттар көп кездесіп жатыр ғой. Соған қарсы Жеңісхан бауырымыз өте керемет түсірген. Ойландыратын кино десек болады», – дейді кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров.
26 қазан 2019 ж. 3 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 038 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам