Тәуекел Мүслімнің үйленгені рас па? Желіде суреттер тарады
Желіде танымал актер Тәуекел Мүслімнің бейтаныс қызбен мұсылманша неке куәлігін қолына ұстап түскен суреті пайда болды. Өнер иесі расымен отбасын құрды ма, әлде әзілдеді ме, ол жағы әзірге белгісіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Инстаграм желісінде таралаған суретте Тәуекел мен бейтаныс қыздың мешіт имамының қасында неке куәлігін ұстап тұрғанын көруге болады. Барлық қыздардың жүрегін жаулаған актер бұл айтулы оқиға туралы тіс жарып ештеме айтпады.
Әзірге актердің үйленген, үйленбегені туралы нақты ақпарат жоқ.
Жеке өмірін барынша жасырып ұстағысы келетін жұлдыздардың әр басқан қадамын аңдып отыратын көрермендері желідегі таралған суреттің астына тілектерін жаудырды. Бірақ күмәнмен қарайтындар да табылды.
"Мисс немесе әншіні алмағаны дұрыс болды, қарапайым, әдемі қыз екен. Бақытты болыңдар", "Өтірік болып шықпаса болар еді, қарындасым деп жүрмесе болды", "Өтірік, әдейі түсірілген", "Тәуекел, келін құтты болсын", - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.