СЕРІК ИБРАГИМОВ ПРОДЮСЕРІМЕН ЖҰМЫСТЫ ТОҚТАТУЫНЫҢ СЕБЕБІН АЙТТЫ
Продюсер Алтынбек Рахметов пен Серік Ибрагимовтың арасындағы әріптестік байланыс ресми үзілді. Бүгінде Серік жеке кеткен, ал бұрынғы басшысы жаңа өнерпаздарды қанатының астына алды.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
“Ұсыныс Серіктің тарапынан түсті. Жанұялы болды, балалы болды. Қазір жанымда ұстап, маңдайынан шертіп отыратын жағдайда емес ол. Сондықтан, қанаты қатайды деуге болады. Қанаты қатайғандардың ұядан ұшып кететін жағдайы бар. Оған біз дайын болдық”, – дейді Алтынбек Рахметов.
“Негізі уақыт келді. Ойбай, кетіп қалыпты, бет көріспейді деген әңгіме емес. Сондықтан ағамыздың да, менің де бетім ашық. Кез-келген уақытта, кез-келген жерде жүзесіп, амандасып, сөйлесіп кете береміз”, – дейді Серіктің өзі.
Серік инста-парақшасында продюсерінің Алтынбек екенін әлі өзгертпеген. Бәлкім, бұрынғы басшысына деген құрметі болар. Ал, Ибрагимовті тойында көргісі келетіндер Рахметовке телефон соғып, тыныштық бермейтін көрінеді.
“Қазірге дейін Серікті менің телефоныма звондап, тойға шақырып тұрады. Бағдарламаларға шақырады, администратордың телефонын беремін. Тікелей хабарласа беріңіздер, қазір қолым тимей тұр, графигі өзінде, соған хабарласыңыздар деймін”, – дейді Рахметов.
Бүгінде Алтынбек мырза жаңа жобаның тізгінін қолға алған. Ол, алдағы уақытта, бірнеше отандық ән додаларының финалисі Райымбек Сатыбалды есімді жас әншінің жұлдызын жағуға ниетті.
http://stan.kz/