ТҮРКИЯНЫҢ ӘЙГІЛІ АКТЕРІ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ (ВИДЕО)
“Құлпынай иісі” телехикаясы арқылы Қазақстан көреременіне танылған түрік актері Юсуф Чим елімізге табан тіреді. Ол бүгін “Алматы-Арена” алаңында өтетін “Жыл таңдауы” Ұлттық музыкалық жүлдесін жүргізеді, деп хабарлайды Stan.kz.
Юсуф Чимді Қазақстанға белгілі тележүргізуші Ләйля Сұлтанқызы шақырған.
“Бұл бір қызық, мықты, ерекше іс-шара болғалы тұр. Көңілімді қалдырмай келе жатқан досыма рақмет”, – деп бөлісті Сұлтанқызы инста-парақшасында.
Өз кезегінде Юсуфтың өзі Алматы тұрғындарын көңілді кешке шақырды.
“Сәлем, Қазақстан. Мен Юсуф Чим. Баршаларыңызды Алматыда өтетін “Жыл таңдауы” жүлдесіне шақырамын. Көріскенше”, – дейді актер.
Пікір қалдыру