Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Асқар Жұмаділдаевтың ақындық қыры

Асқар Жұмаділдаевтың ақындық қыры

Академик Асқар Жұмаділдаев ешкімге ұқсамайтын өзіндік жолы бар дара тұлға. Ол 25 жасында ғылым кандидаты, 31 жасында физика-математика ғылымдарының докторы болды. Атақты математик Германиядағы Мюнхен, Билефельд университеттерінің профессоры болып, Кембридж университетінің жанындағы Ньютон институтында, Италиядағы «А.Салам» атындағы халықаралық теориялық физика орталығында, Швеция Корольдік Ғылым академиясының «Миттаг-Лефлер» математика институтында қызмет атқарып, лекциялар оқыған. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік стипендияларын, Швеция Корольдік Ғылым академиясының грантын иеленген. Оның жеткен жетістігі әлем ғалымдары тарапынан оң бағасын алған. Ғылымға түрен сала жүріп, қазақ жұртын күллі әлемге мойындатқан.


Әлем мойындаған тұлғаның жұрт біле бермейтін қыры болса ол – оның ақындығы, өлеңге, поэзияға жақындығы болуы керек. Математиктің өзі: «Абай хакiм тұрғанда мен хакiм емеспiн,
Иранбектер тұрғанда мен ақын емеспiн» – дейді. Сонда да есепті шемішкедей шағатын ғалымның көп айтыла бермейтін осы қырына арнайы тоқталғанды жөн санадық.



– Жан сезім ұшардай боп әрең тұрар,
Синустар өзгелерден сәлем сұрар.
Алайда домбырамен кездескенде,
Иіліп домбыраға сәлем қылар, – деген жолдар ғалымның өнердің өзін математикамен байланыстыратынын айғақтап тұр. «Мәскеудегі домбыра» деп аталатын осы бір өлең:


– Домбыраны қос ішек еңіретті,
Жастықтың жайлауынан өмір өтті.
Аяңдап алпысқа да жетіп қаппыз,
Айқайлап шулатпай-ақ төңіректі,– деген ойлармен сабақталады. Ал «Сыр-Ана» деген өлеңінде туған жерге деген сағыныш суреттеледі.

– Жүгіртетін жыр қалам,
Сағынышты сыр ғана.
Алыстағы бір балаң,
Есепте ме Сыр-Ана? – деген жолдар сөзімізге дәлел.

Академик шетелдерде көп болды. Оның туған елін, туған жерін, Сырдариясын, балалық шағы өткен Шиелісін сағынуы заңды да. Ағамыздың Шиелі туралы бірнеше өлеңі бар. Академиктің туған жері жайлы жазған мына бір өлеңі жүрек түкпіріне ұялаған еді.

– Балы тамған жас қамыс,
Бал құрақтай Шиелiм.
Бал бұраусыз баспаңыз,
Көңiл-күйдiң тиегiн.
Шиелi ғой жыр-өңiр,
Айтайықшы ән қылып.
Бiр күн өтер бұл өмiр,
Туған жерiң – мәңгiлiк.
Жусан менен жыңғылдың –
Жүрек тербер мекенi.
Жыңғыл дейдi мың жылдық,
Роза гүлiң не теңi?
Таңертеңгi ауасы,
Самал жел боп еседi.
Жанға шипа дауасы,
Топырағы, кесегi.
Күн батады балбырап,
Мал қайтады бесiнде.
Сары құмда бал құрақ,
Сурет қалды есiмде.
Арман қуар нұр-таңың,
Дамылдатпас сенi де.
Анда-санда ұрпағым,
Алар еске менi де.

Байқаған адамға академик, математик Асқар Жұмаділдаев ақындыққа шындап бет бұратын болса, оның таланты өздерін классик санап жүрген талай қаламгерді шаң қаптыратындай екен.

А.АҚЫЛБЕК
17 қараша 2020 ж. 1 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 922 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам