Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ӨРНЕКТІ ІСТЕРІ

ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ӨРНЕКТІ ІСТЕРІ

  Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Қайрат Нұртас өнер мектебінің «Төрлет, құтты жаңа жыл!» атты мерекелік концерті өтті. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған шарада өнерпаз бүлдіршіндер ән мен күйден шашу шашып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бір жыл бойы өнердің қыр-сырын меңгерген олардың бірі домбыра құлағында ойнаса, бірі тіпті әлемдік поп-музыка жанрында нақышына келтіре ән шырқады. Шара барысында өнерге таласы бар жастардың қай-қайсысы да жалындап, ерекше қабілетімен көзге түсе білді. – Мектебіміз осыдан тура бір жыл бұрын өз есігін айқара ашқан еді. Міне, көзді ашып-жұмғанша он екі ай өте шығыпты. Бұл шаңырақ ашылған күннен бастап, мұнда келушілер қатары көбейді. Осындай талантты өрендердің көп екенін көріп, өнер жанашыры ретінде қуанамыз. Осы уақыт ішінде балалардың біршама ысылғаны, жан-жақты дами түскендігі байқалады. Өнерді бір адамдай-ақ ұғынды. Музыка тілін түсінді. Бастысы, барлығында үйренсем дейтін қызығушылық өте зор. Көрермен алдына бір жылдық еңбегімізді ғана алып шықтық. Көріп отырғандай, нәтижесі қуантарлық. Болашақта мұнан да зор жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын, – дейді аталмыш өнер мектебінің директоры Мира Келімбетова. Айта кетейік, былтыр Қызылордада қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың «KN» атты өнер мектебі ашылған еді. Бүгінде онда жас өрендер эстрадалық вокал, саз аспаптары, актерлік шеберлік, бимен қатар өзге де музыкалық жанрлар бойынша білікті мамандар алдынан дәріс алып келеді.



Мәселен, 11 жасар Мирас Алпысбай – мектептің алғыр шәкірттерінің бірі. Ол кеш барысында итальян тіліндегі «Феличита» әнін орындап, көпшілік қошеметіне ие болды. Мектеп ұстаздары эстрадалық вокалмен қатар әртістік қабілетін шыңдап жүрген дарынды Мирастың болашағынан зор үміт күтетіндерін айтады. Ал, айтулы күнде талантты өрендерді арнайы құттықтай келген әнші Қайрат Нұртас бүлдіршіндермен бірге ән айтып, кеш көркін қыздыра түсті. Талапты жастардың ерекше өнеріне сүйсінген әншінің өзі оларға жүрекжарды лебізін жеткізіп, өнер жолындағы қадамдарына сәттілік тіледі. Кеш соңында балаларға мектептің бір жылдық мерекесі құрметіне арнайы әзірленген тәтті тоқаш үлестіріліп, естелік суреттерге түсті.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
Суретті түсірген: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.
04 қаңтар 2018 ж. 2 002 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам