Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН: 2018 ЖЫЛЫ МЕНІҢ ТАРАПЫМНАН КӨП ЖАҢАЛЫҚ БОЛАДЫ

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН: 2018 ЖЫЛЫ МЕНІҢ ТАРАПЫМНАН КӨП ЖАҢАЛЫҚ БОЛАДЫ

  Қазақ әншісі Димаш Құдайберген қытайлық телеарнаға сұхбат беріп, алдағы жоспарлары туралы жария етті. Айта кетейік, осы аптада Д.Құдайберген Көктем мерекесі - Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесіне орай «CCTV» телеарнасының ұйымдастыруымен өткен үлкен концертке қатысты. «Алғаш рет «CCTV» ұйымдастыруымен өтіп жатқан Жаңа жыл мерекесіне қатысудамын.
  Осы айтулы мерекелік шарада өнер көрсетіп жатқаным үшін өте қуаныштымын. Осы концерттегі әнге дайындалуға біраз уақыт кетті. Бұл тек қана жеке орындаудағы ән емес. Қасымдағы бауырларыммен, достарыммен өнер көрсетпек ойымыз бар. Біраз еңбекті талап ететін нөмір болды. Ең үлкен қиыншылық - ол Қытай тілінде ән салу. Қытай тілі өте бай деп айтсам болады, 5 мыңға жуық иероглифтері бар. Сол себептен әнді дәл нақышына келтіріп, үйреніп алғаннан кейін сахнада орындауға тырыстым», - деді қазақ әншісі. Бұдан бөлек Димаш алдағы жоспарлары туралы айтып берді. «Жаңалықтарымыз өте көп, қазіргі таңда менің жеке шығармашылық кештерім өтіп жатыр. Алғашқы кешім Астанада ұйымдастырылды, содан кейін Қытай елінің ішінде өтуде. Одан кейін өзге де шет мемлекеттерде концерт береміз. Барлықтарыңызды жеке шығармашылық кештерімде күтетін боламын. Осы орайда көңілдеріңізден шығу үшін барымды салып, тырысатын боламын. Атап айтқанда, жаңа бейне баяндарды түсіру ойымда бар. Әрине, көрермендерім оны күтіп қалғанын білемін. Альбомды да тәмамдап қалдық. Жалпы, 2018 жылы менің тарапымнан көп жаңалық болады деген ойдамын»,- деп атап өтті Димаш Құдайберген.  
16 ақпан 2018 ж. 1 613 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам