Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТІ ӘЛДІ «Қорқыт-қобыз» жобасы қолға алынады

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТІ ӘЛДІ «Қорқыт-қобыз» жобасы қолға алынады

  Аймақта әлеуметтік салалар қарқынды дамып келеді. Облыс тайқазанындағы қаржының қомақты бөлігі осы мақсаттағы іс-шараларға бағытталған. Сыр өңірі оған қаралған қаржы жөнінен еліміз бойынша алдыңғы қатарда тұр.
Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне мәлімдеді.
Осы жылғы қаңтар айының басында Елбасының «Төртінші революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Ел дамуындағы басты құжат бізге жаңа мүмкіндіктер мен жаңа талаптарды жүктеп отыр. Жолдауда нақтыланған 10 міндет – саясат, экономика және сананы жаңғырту үштағаны арқылы жүзеге асырылуы қажет деп көрсетілген.
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында бүгінгі күнге дейін өңірімізде 79 жоба қолға алынып, 500-ден астам ірі көлемді шара ұйымдастырылды. Оған жергілікті қазына қазанынан біршама қаржы бөлінді. Ал, биыл жол картасына сәйкес жоспарланған жобалар мен іс-шараларға облыстық бюджеттен 600 млн. теңгеден астам ақша қаралған, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Бүгінгі күні аталмыш бағдарлама бойынша «Сыр Медиа» ЖШС жанынан жаңа орталық ашылып, өз жұмысын бастады. Онда бөлімдер ашылып, оған зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, оқытушылар тартылды.
– Осы жылға қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 224 ірі көлемді шара өткізу жоспарланып отыр. Олардың арасында Астананың 20, Қызылорданың 200 жылдығына арналған салтанатты күнді атап өту шаралары басты назарда болады, – деді.
Туған қаламыздың мерейтойына арналған шаралар қатарында «Қызылорда: кеше, бүгін, ертең» тақырыбындағы ғылыми-танымдық конференция, «Сыр әуендері» атты республикалық композиторлар конкурсы, «Қызылордаға – сый-тарту» аудан әкімдіктерінің мерейтойлық тарту жоралғыларын ұйымдастыру, «Қызылорда – Жаңа мүмкіндіктер мекені» республикалық блог құрылтай, «Жырым сенсің – Қызылорда» атты ақындар айтысы, «Құрылысы қарқынды Қызылорда!» атты республикалық құрылысшылар форумы өтеді деп жоспарлануда.
Ал, Астана қаласының 20 жылдығына орай бас қаладағы зымыран-ғарыштық техникасы музейінің ашық экспозициясы пайдалануға беріледі деп көзделуде. Сондай-ақ, «Тұңғыш Астанадан – Елордамыз Астанаға!» атты өнер керуені, «Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, әртүрлі тақырыпта форумдар, «Туған жерге тағзым» акциясы жалғасын табады. Одан бөлек, Қорқыт ата мұраларын насихаттау мақсатында «Қорқыт-қобыз» атты жобасы қолға алынбақ. Жоба аясында жан-жақтан қобызшылар бас қосып, олардың арасында конкурс ұйымдастырылады.
Оған қоса «Сыр сұлуы» атты ретро фестивалі, әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкенов атындағы «Отан – ана» атты республикалық әншілер конкурсы өтіп, ескерткіш ашылмақ. Былтыр ескерткішке байланысты жобаны мүсінші Марат Мансұров жеңіп алған. Бұл шаралар мамыр айында өтеді деген жоспар бар. Сондай-ақ, Сыр өңірінің бірқатар танымал тұлғаларының мерейтойлық шаралары аталып өтілмек. Аталған шаралар аймағымызда өз деңгейінде ұйымдастырылатын болады.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
Суретті түсірген: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.



29 қаңтар 2018 ж. 1 569 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам