Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ЖАРАЛЫ СЕЗІМ» ФИЛЬМІНІҢ АКТЕРЛЕРІ ҚАЗІР ҚАЙДА ЖҮР?

«ЖАРАЛЫ СЕЗІМ» ФИЛЬМІНІҢ АКТЕРЛЕРІ ҚАЗІР ҚАЙДА ЖҮР?

  2007 жылы талайлардың жүрегін жаулап, көптеген жастардың көңілінен шыққан "Жаралы сезім" атты фильм ел есінде. Тәуелсіз Қазақстанның кинематографиясы енді дамып келе жатқан тұста қосыла алмай қиналған ғашықтар туралы бұл фильм көптің көзайымына айналғаны анық. Аталған фильмнен кейін көрінбей кеткен басты рөлдегі Регина Шагмунова қазір қайда жүр?
Көптің назарын риясыз махабатымен жаулаған Арай мен Қанат сол фильмнен кейін жарқ етіп, жоқ болған жұлдыздар ретінде ел есінде қалды.
Қанат (Берік Арықбаев) бүгінде отандық телеарналардың бірінде режиссер болып қызмет атқарса, Арай (Регина Шагмунова) бір отбасының түтінін түтетіп, бесігін тербетіп отырған аяулы ана.
Регина "Жаралы сезімнен" кейін өзге фильмдерге түскен жоқ. Себебі ол өзінің кәсіби актриса емес екенін айтады.
Арайдың Instagram парақшасынан оның өте қарапайым өмір сүретінін көруге болады. Ол баласымен бірге түскен түрлі ойын-сауық кешенінен суреттерін жүктейді.
Бүгінде көптеген көрермендер сүйікті фильміндегі актрисаның тағдырына алаңдап, оған түрлі хаттар да жазып тұрады. Желі қолданушыларының көбі оны актриса ретінде көргісі келетінін айтады.
Алайда Регина Шагмунова олардың бұл сұрауына үнсіз қалып жатады.
06 сәуір 2018 ж. 3 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам