Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 409830 КІТАБЫ БАР КІТАПХАНА

409830 КІТАБЫ БАР КІТАПХАНА

  Елдікті бекемдеп, ғасырларға созылған шежірені түгендеу арқылы рухани тұрғыда елге қызмет жасайтын Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының орны айрықша. Кітапсүйер қауымның сүйікті мекеніне айналған бұл ғибрат ошағының 150 жылға тарта тарихы барын біреу білсе, біреу біле бермейтіні анық. Себебі, сәулеті келіскен бүгінгі облыстық кітапхананың іргетасы сонау 1867 жылы қаланғаны көп оқырман үшін беймәлім.
Үш ғасырдың тынысы сезілетін Қызылордада кеше мен бүгінді жалғастырған осындай байырғы мәдени орындар саны аз емес. Алайда, бұл рухани орданың орны өз алдына бір төбе. Алғашында  Ақмешіт  уезінің  әскери  бекінісінде  халық  игілігіне ашылған кітапхана 1917  жылға  дейін  қалалық  кітапхана болып қызмет жасаған. Араға 20 жылға жуық уақыт салып, 1938  жылы  облыстық  кітапхана мәртебесін алды. Осылайша есігін қайта айқара ашқан руханият ордасына белгілі жазушы Максим Горькийдің есімі берілген еді. Осыдан кейін кітапхана тынысы кеңейіп, түрлі бағытта қызмет көрсететін бірнеше бөлімдер ашылды. Көптеген өз ісінің білгірлері келіп, рухани орданың жұмысы жандана түсті. Бұл тұрғыда Лариса Платонова, Мадхия Ғалиасқарова, Раушан Сәруарова, Пернекүл Дүйсенбаева мен өзге де білікті мамандар өңіріміздің осы сала ісінің қарыштап дамуына зор үлес қосты.                                                                                                                 – Кітапхана тарихы тереңде екенін, оның қайнар көзі сонау ілгері жылдардан бастау алатынын көп оқырманымыз біле бермейтіні рас. Өкінішке орай, оның үстіне сол жылдардағы біздің мекеменің тыныс-тіршілігі туралы мәлімет өте мардымсыз. Тіпті, қолымызда сол кезеңдегі суреттері де жоқ. Бірақ, 1938 жылы Қызылорда өз алдына бөлініп шыққаннан кейін ол қалалық деңгейден жоғарылап, облыстық мәртебесін алды. Содан бері де 80 жыл өтіпті. Бұл атаулы күн Қызылорданың 200 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуінің де өз маңыздылығы бар. «Қос тойың қабат келсін» демекші, алдағы жылы екі бірдей мерейтойды жоғары деңгейде қатар атап өту жоспарда бар. Әзірге аталмыш мереке аясында өтетін мәдени іс-шараларға дайындық үстіндеміз, – дейді облыстықкітапхана директорының орынбасары Бақытнұр Мырзахметова.                                                                      Ғасырдан астам уақытты заман көшімен артқа тастаған мәдени ошақ тұғырлы тәуелсіздігімізді алғаннан  кейін  1999  жылы  халық  жазушысы, ақын  Ә.Тәжібаев  есімін иеленді. Тау тұлғаның атымен аталған нысан 2009  жылы  типтік  жобада  салынған  жаңа  ғимаратқа  көшірілді. Оның ашылуында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі арнайы келді.        Бүгінде бұл мәдени нысан республикалық, облыстық деңгейдегі айтулы жиындар мен түрлі рухани басқосулар өткізілетін орын ретінде айрықша маңызға ие болды. Сондай-ақ, заманауи  компьютерлік  құрал-жабдықтармен  толық жасақталып, келушілердің  жас  ерекшеліктеріне  қарамастан  барлық  санатта қызмет  көрсететін өңірдегі  ең  ірі  ақпараттық  мәдени орталыққа айналды.  Онда қазіргі таңда 9 бөлім мен 7 сектор кітапханалық-ақпараттық қызмет түрлері бар.                                                                                            Бір қуантарлығы, осындай ауқымы кең кітапхананың 30-нан аса оқырманы бар. Кітап қоры да ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткішке ие. Барлығы 409830 дананы құраса, оның ішінде 100 мыңнан астамы қазақ тіліндегі әдебиеттер үлесіне тиесілі. Мұнда тарғыл тарих беттерінен тереңінен сыр шертетін құнды мұралардан өзге халқымыздың белгілі тұлғаларынан қалған ескі жәдігерлер бар. Мәселен, Сыр  өңірін, туған  жерін  өмірінің  соңына  дейін  жырлап  өткен  Әбділда  Тәжібаевтың  мұражайында ақынның қолжазбалары, кітаптары  және  көзі тірісінде тұтынған  заттары  көпшілік назарына қойылған. Ал, екі жыл бұрын көрнекті дра­матург, Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджановтың мұрасы Сыр бойы оқырмандарына сыйға  беріліп, жазушының жеке кітапханасы  ашылды.
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
Суретті түсірген: Н.НҰРЖАУБАЙ.
09 сәуір 2018 ж. 1 665 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам