Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » САХНАНЫҢ СЫРЛЫ СӘНІ

САХНАНЫҢ СЫРЛЫ СӘНІ

   Байтақ елдің бас қаласындағы көркем өнер түрінің бірегейі «Астана Балет» театры – құрылғанына көп бола қоймаса да өзіндік мәнері қалыптасқан өнерлі ұжым. Халқымыздың байырғы құндылықтарын жаңғыртып, жаңа мен ескіні тоғыстыра білген өнерпаздар бүгінде көрермен көзайымына айналып үлгерген.                                                                  
      Елорданың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қос ғасырлық тарихы бар Сырдың бас қаласына тарту жасаған «Астана Балет» театры труппасы Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында өнер көрсетті. Екі күн бойы Ақмешіт аспанын сұлу өнердің сән-салтанатына бөлеген өнерпаздар ең үздік шығармалар, халқымыздың мәдениеті пластика тілімен жеткізілген «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасы мен спектальден үзінділерді көпшілік назарына ұсынды.                                                                                         – Біздің шығармашылық іс-сапарымыз Астананың 20 жылдығына арналды. Оны еліміздің алғашқы астанасы – Қызылордадан бастағанды құп көріп, өнердің нағыз ордасына ат басын бұрдық. Сапарымыз мұнан кейін Ақтау, Талдықорған және Алматы қалаларында жалғасады. Біздің ұжым жас. Биыл 5 жыл толады. Осы жылдар аралығында біз елімізде ғана емес, алыс және жақын шетелдерде де өнер көрсеттік. Мұнда алғаш рет келіп отырмыз. Балет өнерін ұнататындар біздің бағдарламаны жақсы бағалайтынына сенімдімін , – дейді театр директоры Валерий Кузембаев.                                               «Ұлы Дала мұра» бағдарламасына енген хореографиялық миниатюралар мен балет үзінділерінің ұлттық бояуы ерекше қанық. Труппаның шығармашылық қоржынындағы қай композицияны алсақ та, ұлттық дәстүрге бай, сан қырлы әрі эмоциялық қуаты басым. Сұлулық сахнамен тоғысқан тағылымды кеште қызылордалық көрермен аталмыш театрдың классика, модерн, неоклассика стильдеріндегі түрлі композициялық қойылымдарын тамашалауға мүмкіндік алды. Мәселен, «Клеопатра» балетінің үзіндісі Мысыр патшайымының өміріндегі көпшілікке беймәлім кезеңі, оның сіңілісі Арсиноямен билікке қызығып, таққа таласқандығы туралы қызықты оқиғалар желісіне құрылған. Мұндағы Клеопатра рөлін сомдаушы театрдың жетекші солисі Риза Қанатқызының айтуынша,  аталмыш балет үзіндісі замануи хореография нақышына қойылған туынды. Оны театрға арнайы шақырылған хореограф маман Рикардо Амаранте көркемдеген.   Ал, «A fuego lento» бір актілі балеті алғашқы махаббаттың күшін, эмоциялық қуат пен алаңдаушылық сезімін барынша әсерлі суреттейді.                                                                                                        Бүгінде труппа репертуарында 15 бірактілі балет пен 70 хореографиялық миниатюра бар. Ал, театрдың жас ұжымы Мәскеу, Санкт-Петербург, Пекин, Париж, Вена, Сеул, Будапешт, Баку, Нью-Йорк, Токио, Варшава мен Брюссель сахналарында өнер көрсетіп, өз талантын мойындатып үлгерген.
                                                                 Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
10 сәуір 2018 ж. 1 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 082 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам