Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨНЕР ӨЛКЕСІНІҢ ӨРЕЛІ ОРДАСЫ

ӨНЕР ӨЛКЕСІНІҢ ӨРЕЛІ ОРДАСЫ

   Халықаралық театр күніне орай Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында «Театр – өмір айнасы» атты мерекелік жиын өтті. Биыл атаулы күн 57 мәрте тойланып отыр.                         
Жалпы, өнердің ішінде театрдың шоқтығы қашан да биік. Алғашқы ұлттық театрымыз Ақмешітте 1926 жылы Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасымен түрілгені белгілі. Бүгінде қазақ театры тамырын тереңге жайған үлкен бәйтерек сынды. Ал, 1961 жылдан бері тойланып келе жатқан халықаралық бұл күн тек шығармашылық адамдарының ғана емес, тәлім мен тәрбиеге жанықұштар тұтас өнер сүйер жандардың мерекесіне айналды. Иә, наурыздың 27-ші жұлдызы – театр өнерінің ұлықталатын күні. Оны өнерге, әсемдікке құштарлық күні десек қателеспейміз. Жарты ғасырдан астам тарихы бар айрықша мейрам бүгінге дейін атаусыз қалған емес. Алғаш іргетасы 1955 жылы қаланған өнер ордасы бүгінде Сыр мәдениетінің мәйекті істеріне сүбелі үлес қосып келеді.                                                                                Салтанатты жиын барысында кәсіби мереке иелеріне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау хаты табысталды. Ал, концертке жиналған көрермендер жас әртістердің мерекелік кешке арнайы дайындаған сахналық қойылымдарымен қатар, «Нартай бүлдіршіндері» қуыршақ тобының өнерін тамашалады. Жас дарындар әннен шашу шашып, би биледі. Сондай-ақ, жыл бойы жан-жақтылықпен көзге түсіп, жемісті еңбек еткен бір топ өнер ұжымы қызметкерлері марапат биігінен көрінді. Олардың қатарында Якуда Халықұлов атындағы ауыспалы жүлдесін иеленген Қанат Архабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Әлия Арысбай атындағы ауыспалы жүлдемен марапатталған Ақтолқын Төлеуова бар. Ал, Асқар Оразалиев «Сахнагер-2018» Ұлттық театр сыйлығының «Үміт» номинациясын жеңіп алды. Сондай-ақ, өзге де талантты қызметкерлерге «Үкілі үміт», «Эпизодтық табысты әйел бейнесі үшін», «Эпизодтық табысты ер бейнесі үшін», «Ең үздік қызметкер» номинациялары табыс етілді. Қашанда тынымсыз ізденіс үстінен табылатын белсенді ұжым осылай мерейлі мереке қарсаңында мәртебелі құрметке ие болды.
                                                  Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
31 наурыз 2018 ж. 1 784 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 089 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам