Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЛТЫНАЙ ЖОРАБАЕВА БАР ШЫНДЫҚТЫ АЙТТЫ

АЛТЫНАЙ ЖОРАБАЕВА БАР ШЫНДЫҚТЫ АЙТТЫ

     Талғат Жорабаев отбасын тастап кететін ер азаматтар туралы сөз қозғап, әпкесі Алтынайдың соңғы уақытта көп қиналғанын айтып қалды. Мұның барлығына ол әпкесінің тұйық мінезін кінәлап отыр. Яғни отбасында болып жатқан келеңсіз оқиғаларды айтып отырса, көмек қолын созар едік дейді ол.
Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды деп хабарлайды Stan.kz .
“Әйел мен бала-шаға – бізге Алла тағаладан берілген аманат. Ал аманатқа қиянат жасау – екіжүзді адамның бет-бейнесі. Алла тағала “Бүкіл несібемді балаларыңа беремін” дейді.
Кейбіреулер бала-шағамды тастап кету арқылы тамаша өмір сүремін деп ойлайды.
Шын мәнінде, мұндай ер азаматтардың өмірі керісінше болып жатады. Соңында ешнәрсесіз қалады. Бала-шағаңа дұрыс қарамасаң, ертең оны Алла тағала алдыңнан шығарады”, – дейді ол.
Бір кездері Алтынай Жорабаева туған бауырына су жаңа көлік сыйлап қуантқан болатын. Енді міне үш бөлмелі пәтер алуға көмек қолын созған екен.
“Әрине, бұл жерде Алтынайдың қосқан үлесі көп. Тойымыздың ақшасын банкке салып, артынша сол банк арқылы үй алуды жоспарлаған болатынбыз. Бірақ, сол тойдың біраз қаражатын Алтынай көтеріп берген еді. Алтынай мен әкемнің арқасында, өзім тапқан табыстың арқасында армандаған пәтерімізге жеттік. Алтынай отбасымыздағы тұйық адам. Ішкі жан-дүниесіндегіні ақтарып айта бермейді. Бірақ, осы айтпауының салдарынан барлық оқиға болып жатыр.
Ештеңкесін айтпай жүре берген төзіп.
Бірақ, соңында жанартау да атылады ғой”, – дейді Талғат Жорабаев.
07 маусым 2018 ж. 2 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам