Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БЕЙБІТ ҚОРҒАН ҚАЙТА ОРАЛДЫ

БЕЙБІТ ҚОРҒАН ҚАЙТА ОРАЛДЫ

     Кезінде бірталай хитімен тыңдарман жүрегін жаулап, бүгінде көрінбей кеткен Бейбіт Қорған қайта оралды. Ол жуырда жаңа әні мен бейнебаянын тыңдармандар назарына ұсынған еді. 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында Бейбіт Қорған көрінбей кетуінің себебін түсіндірді, деп жазады Stan.kz.

Әнші осыдан үш жыл бұрын елордамыз Астана қаласына көшкенін айтады. Содан бері Бейбіт бар уақытын отбасына арнауға тырысқан.
“Астанаға келгенімізге үш жылдай болды. Енді көрінуге қайта талпынып жатырмыз. Алла бұйырса, тағы да тыңдармандарды қуантамыз деген ниетіміз бар.
Кризис деген барлық өнер адамдарында болады. Бір орында тұру мүмкін емес. Кейде көтеріледі, кейде түседі. Кейде күйзеліске ұшырауы мүмкін. Өз басымда бәрі дұрыс. Алланың сынағы болмаса, бәріне көнеміз ғой. Жоқшылықты да көріп өскен адамбыз.
Өнер жолында қатты күйзеліске түскен ештеңем жоқ. Керісінше өзімнің бала-шағама, отбасыма көбірек көңіл бөлдім. Астанаға көшіп келуіміз, балалардың мектебі, үйдің жөндеу жұмыстары бар дегендей… Көзді ашып-жұмғанша осынша уақыт өтіп кетіпті”, – деді ол.
Бұдан өзге, әнші өнерге жаңалығымен келуді құп көретінін атап өтті.
“Қайта-қайта жалтаңдап көріне бергенді ұната бермеймін. Бірақ шақырған жерден қалмауға тырысамын”, – деп түсіндірді ол.
08 маусым 2018 ж. 2 086 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам