Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӨЗІ ТІРІСІНДЕ ҮЛГЕРМЕДІ: БЕЛГІЛІ САЗГЕР БАТЫРХАН ШҮКЕНОВТІҢ ЕШКІМ БІЛМЕЙТІН СЫРЫН АЙТТЫ

КӨЗІ ТІРІСІНДЕ ҮЛГЕРМЕДІ: БЕЛГІЛІ САЗГЕР БАТЫРХАН ШҮКЕНОВТІҢ ЕШКІМ БІЛМЕЙТІН СЫРЫН АЙТТЫ

   Кеше Астанада әйгілі Батырхан Шүкеновты еске алу кеші өтті. Оған Байғали Серкебаев бастаған белгілі өнер иелері мен ресейлік эстрада жұлдыздары қатысты. Концерттің елордада ұйымдастырылуына мұрындық болған танымал сазгер Ринат Гайсиннің айтуынша, әнші-композитор Батырхан Шүкенов көзі тірісінде достары және өнердегі әріптестерімен бірге елінде концерт өткізуді армандаған екен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Отандық танымал сазгер Ринат Гайсиннің айтуынша, Батыр аға көзі тірісінде де Қазақстанда өнердегі әріптестері мен достарының қатысуымен осындай ауқымды концерт өткізудің жоспарлаған екен. Композитор оны кеш алдында өткен арнайы брифингте мәлімдеді.
"Бүгінгі ауқымды концертке Батыр ағамызбен бірге бір сахнада талай жыл өнер көрсеткен, оның өнерін ерекше бағалаған ресейлік және отандық әншілер өнер көрсетеді. Олардың қатарында Валерий Меладзе, Леонид Агутин, Владимир Пресняков, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева сынды әншілер бар. Негізі Батыр ағамыз мұндай концертті бұрыннан бері ұйымдастыруды жоспарлап жүрген еді. Оған амал нешік, тағдырдың жазғаны болар, үлгермеді. Сұм ажал ол кісіні біздің арамыздан алып кетті",-деп еске алды белгілі композитор.
Сонымен бірге ол аталмыш шараға қолдау көрсеткен, А-студио тобының жетекшісі Байғали Серкебаевқа да өз алғысын білдірді.
"Байғали ағаны мен өнердегі ағам деймін. Бұл кісі біз үшін – Боря аға, еркелетіп солай деп айтамыз. Өздеріңіз білесіздер Батыр ағаны еске алу кеші Алматыда бірнеше рет ұйымдастырылған еді, бірақ Астанада әлі күнге дейін өткізілмепті. Сол себепті осы кешті Астанада өткізуді ұйғардық, осы идеяға қолдау көрсеткен Байғали ағаға рахмет»,-деді Ринат Гайсин.
Байғали Серкебаев болса өз кезегінде "неліктен Боря аға"деген атқа ие болғанының сырын ашты. "Мүмкін көпшілік үшін Байғали шығармын, бірақ жақындарым мен мені жақсы танитын адамдар үшін мен Боря ағамын. Кім біледі Ринат та болашақта Рена аға болатын шығар",-деп әзілдеді белгілі өнер иесі.
18 маусым 2018 ж. 1 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам