РОЗА РЫМБАЕВА ПЛАСТИКАЛЫҚ ОТАНЫҢ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНДІ МЕ?
Елімізге белгілі әнші Роза Рымбаева пластикалық отаның көмегіне жүгінгенін айтты. Бұл туралы ол "Собеседник" сайтына берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.
Өткен жылы 60 жасқа толған әнші қазіргі уақытта ресейлік телеарналардан бой көрсетпей жүргенін жеткізді. Алайда ол қазақ әншісі болған соң бұл жағдайға еш көңіл түсірмейтінін айтты.
Сондай-ақ, Рымбаева әрдайым тек жанды дауыста ән салатынын түртіп өтті.
Оның сөзінше, қазір сахнада тұрып, халықты алдайтын әншілердің саны артқан екен.
Әншінің жасы егде болғанымен, бет-әлпеті әлдеқайда жас көрінеді. Бұл мәселеге келгенде ол пластикалық отаның көмегіне жүгінгенін мойындады.
"Менің жасымда бет-әлпетіңе, әжімдерге қарау керек. Мен актриса болғандықтан жас болмасам да, өзіме сенімді әрі қызықты болуым керек. Менің генім жақсы. Бірақ, қазіргі уақытта пластикалық отаның көптеген мүмкіндіктері де бар емес пе? Мен бұл іске қызықпаймын, бірақ, бұл іссіз болмайтынын да түсінемін. Тек мұны абайлап, ойластырып, ешкімге байқатпай істеу керек" , - деді ол.
Сөз соңында Рымбаева өз ұлдарының мамандықтары мен болашақ жарлары туралы сөз етті.
"Олардың таңдауы көп. Өйткені, қазір әдемі қыздар аз емес. Өздерінің жүректері қалаған адамды тапсын. Мен, тіпті, олар менің ақылымды тыңдайды деп те ойламаймын. Үйге алып келіп, "Міне, менің қалыңдығым" деп айтады. Сол кезде менің қабылдап, жақсы көруден басқа амалым қалмайды", - деді ол.