Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СІЗ ҮШІН ҚЫЗЫЛОРДА НЕСІМЕН ЖАҚЫН?

СІЗ ҮШІН ҚЫЗЫЛОРДА НЕСІМЕН ЖАҚЫН?

   Гүлнұр ОРАЗЫМБЕТОВА,ҚРЕңбек сіңірген қайраткері, «Серпер» жастар сыйлығының иегері:          
Қызылорда қаласының бет-бейнесі өзгерген. Қала көркейген, келбеті жаңарған. Ал, менің жерлестерім әлі сол баяғыша ақкөңіл, ақжарқын кейпінен танбаған. Әр келген сайын өзге қалаға келгендей сезінемін. Сәулеттік жағынан да ажарланып келеді. Таза көше, тақтайдай тегіс жол. Халыққа бұдан артық не керек? Әлеуеті де жаман емес. Бұрын біз жатақханада тұрған кезде жастардың қыдырып баратын жері жоқтың қасы еді. Киноға айына бір-ақ рет барамыз. Онда да қазіргідей әрбір екі сағат сайын көрсетілмейді. Осындай жағдайды салыстырып қарасам, қазір жастардың лайықты өмір сүруіне бар мүмкіндік жасалғанына қуанамын. Осының өзі қала дамуының бір көрсеткіші емес пе? Жалпы, қызылорда десе, менің ойыма ең бірінші есіме Арал теңізі, балық, одан соң дария оралады. Міне, менің көз алдыма Қызылорданы елестетін үш дүние. Маған үшеуі де ыстық.












   Мәдина СӘДУАҚАСОВА, әнші:                                                  
                         Қазіргі Қызылорданың келбеті мүлдем бөлек. Өзгеріс көп. Әрине, жақсы жағынан. Әуежай жақтан кіріп келе жатқаннан қала тазалығы көзге түседі. Тап-таза, көңілге ерекше бір жайлылық сыйлайды. Көп қабатты үйлердің, зәулім ғимараттардың көбейе түскенін аңғарамын. Жаңадан бой көтеріп жатқан сол жағалаудың өзі неге тұрады? Сосын осы тұста қаланың ескі сыр-сипатын сақтай отырып, жаңарып келе жатқандығын айтқым келеді. Кейбір қалаларда тарихи құндылықтар сақтала бермейді. Жаңаша кейіппен дамиды. Ал, біздің Қызылорда қанша өзгеріп-өркендесе де, тарихи келбетін сақтап қалған. Ұлттық дүниелер иісі аңқып тұр. Осыған қуанамын. Мен туған қаламның әрбір бұрышын жатқа білемін, ұмытқаным жоқ. Әр келген сайын қаланы аралаймын. Мен үшін бұл өте қызық. Мұндағы әрбір үй, әрбір дүние менің өткен өмірімді еске түсіреді. Бұл өлкеден жырақтап кеткеніме біраз жылдың жүзі болды. «Ақмешіт» атауы әрқашан мен үшін өте ыстық. Бүкіл қимас жастық-шағым, қызығы мен шыжығы мол студенттік жылдарым, арманға толы күндерімнің бәрі осында өтті. Қызылорда дегенде елең ете түсемін. Дария жағасына барсам, көп нәрсе еске түседі. Негізі, мен Алматы қаласында дүниеге келгенмін. Ата-анам сол жақта студент кезінде отау көтерген екен. Кейін ата-анам Қызылордаға келді. Мен осында өсіп-жетілдім. Әйтсе де, тек төлқұжатымда Алматы қаласында дүниеге келген деп жазылып тұрғаны болмаса, мен өзімді ешқашан алматылықпын деп сезініп көрмеппін. Қазір өткен өмірімнің қай тұсын есіме алсам да, Қызылордамен тоғысып, осы қаламен байланысты болып шығады. Сондықтан бұл шаһарды ерекше жақсы көремін.                                                                   
                                                                                           
   Дайындаған: Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
28 қыркүйек 2018 ж. 1 910 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам