Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТАЛАЙ ҒАШЫҚ МЕКЕНІНЕ АЙНАЛҒАН

ТАЛАЙ ҒАШЫҚ МЕКЕНІНЕ АЙНАЛҒАН

   
Екі ғасырға жуық уақыт аралығында Қызылорда қаласы сан түрлі кезеңді бастан өткізді. Қазақ елінің бас ордасына айналды. Атауы бірнеше мәрте өзгерді. Замана заңымен шаһар келбетінің шырайы кірді. Бұл – бүгінгі көрінісі.
Ал, кешегі қала қандай еді? Ол кездегі суреттерінің өзі көп нәрседен сыр шертеді. Тіпті, ғимараттарының сыртқы келбеті де, атауы да басқаша болды. Уақыт өте оның бәрі жаңартылды. Кейбірі бұзылып, оның орнына жаңасы салынды. «Елу жылда ел жаңа» деп бабаларымыз бекер айтпаса керек-ті...
Біздің бала кезімізде кинотеатрдың орны ерекше болатын. Әлі есімде ата-анам үнді киносына билетті сатып алуға арнайылап, уақыт бөліп баратын. Сөйтіп, мені ертіп, отбасымызбен кино көріп қайтатынбыз. Қала тұрғындары көбіне Аманкелді, Алтынсарин атындағы кинотеатрларға көптеп жиналатын. Тіпті, кейбірі сол мәдениет ошағының бірінде өмірлік серіктерін жолықтырып, отбасын құрғандары да бар екен.
Соның бірі – Марат Үмбетәлиев есімді қала тұрғыны.
– Сіз Қызылорда қаласында қашаннан бері тұрасыз? Сол кездегі облыс орталығының бейнесі қандай еді?
– Өзім 1960 жылдан бері осында тұрамын. Әрине, ол кездегі шаһар мен бүгінгіні салыстыра алмайсыз. Өйткені, қазіргі қала жаңарған. Біздің жастық шағымыздың куәсі болған көптеген ғимараттар жоқтың қасы.
Сол ғимараттың ішінде маған мына кинотеатр өте ыстық. 1985 жылдың жазы болуы керек. Ол сәтте бойдақпыз. Жолдас жігіттермен Алтынсарин кинотеатрына барамыз. Жастардың көбі киноға қызығатын. Билет алуға кезекке тұратынбыз. Бізде үрдіс бар. Киноға баратын 4-5 жігіт билетті кезектесіп алатынбыз. Әдеттегідей кезек өзіме келді. Кассаға барсам, бар-жоғы 5-ақ билет қалыпты. Содан бәріміз жетеді екен деп іштей қуанып қалған едім. Бірақ, қуанышты сәтім ұзаққа созылмады.
Себебі, касса жанында мұңайып отырған бойжеткенді көзі шалдым. Әлгі арудың сол кезде туған күні екен. Өзіне билет алып, сый жасағысы келіпті. Әйткенмен, ауылдан келген қызға билет жетпей қалған. Мұңлы қыздың жүзіне қуаныш ұялатқым келді. Сөйтіп, қолына дереу 2 билетті ұстата қойдым. Біздегі таныстық солай басталды.
Жастық шақтағы әдемі сезімді сыйлаған мекен. Кейін осы театр тұрақты кездесу орнына ұласып кетті. Араға жыл салып, ақ отау тіктік. Қазір үбірлі-шүбірліміз, Аллаға шүкір.
– Бүгінгі бейнесіне қандай баға бересіз?
–Құрылысшы болмасам да, қала тарихын парақтақтап оқитыным бар. 1970-1980 жылдар аралығында шаһар құрылысының инженерлік-инрақұрылым мәселесін шешу жан-жақты қолға алынды. Соған орай оның бұрынғы орталығы, теміржол вокзалынан бастап, орталық алаңға дейін қайта жаңғыртылды. Бұрынғы ескі үйлер бұзылып, тұрғындарға жан-жақты жағдай жасалған. Құрылысы өркендеген 1972-1975 жылдары облыстық бас сәулетшілік қызметін Петр Турчин атқарды. Сол жылдары Қызылорда қалалық атқару комитетінің төрағасы Ыдырыс Қалиевтің бастамасымен көптеген құрылыс кешендері дүниеге келді. Оның ішінде Ы.Алтынсарин атындағы кинотеатр салынып, пайдалануға берілді.
Енді қараңыз, сол кездегі театр бүгінде «Достық үйі» деп аталады. Қаншама ғимараттар мен зәулім үйлер бой көтерген қаладан тек жаңаша лепті байқай аламын.
Ертеңгі қала келбеті қандай болады деп ойлайсыз?
– Тарихи шаһар жаңарған қала болды. Енді заман талабына сай ақылды қалаға айналмақ. Жан-жақты дамыған, озық қаланы болашақ ұрпағымыз көретін болар деп ойлаймын.
                                                                                      Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
27 наурыз 2018 ж. 1 524 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам