Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАЯННЫҢ ҚЫЗЫ ТОЙҒА КЕЛГЕН ҚОНАҚТАРДЫҢ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНЫҢ ЖИНАП АЛМАҚ

БАЯННЫҢ ҚЫЗЫ ТОЙҒА КЕЛГЕН ҚОНАҚТАРДЫҢ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНЫҢ ЖИНАП АЛМАҚ

 Баян Алагөзованың қызы тойына келген қонақтарға суретке түсуге тыйым салмақ.
Міндетті түрде сәлем салуым керек пе? Жалпы жаттығуға кірісейін. Осылай деді Айсәуле Бақытбек отандық бағдарламалардың бірінде. 
Бірнеше ай бұрын Баян Алагөзованың қызы сүйіктісінен үйлену туралы ұсыныс алды. Бойжеткен арада біраз уақыт өтсе де, неліктен тойдың болмай жатқанын түсіндірді.
"Кейде желідегі оқырмандарым тойды менен артық күтіп жүргендей көрінеді. Жігітім өмірімізде болып жатқанды сыртқа жария еткенді көп ұната бермейді. Мен оны сыйлайтындықтан, ашып ешнәрсе айтпай-ақ қояйын. Ол құпия болып қала берсін. Барлығын той болған кезде білесіздер. Адамдардың неліктен ұсыныс түскеннен кейін бір-екі ай ішінде той болуы керек деп ойлайтынын түсінбеймін. Бізде бәрі керемет. Той болып жатса, ол туралы міндетті түрде білетін боласыздар", — деді Айсәуле Бақытбек Қазақстан арнасының "Түнгі студия" бағдарламасында.
Десе де, бойжеткен тойының ел аузында жүргенін қаламайтынын жасырмады. Тіпті, келген қонақтар суретке түспеуі үшін ұялы телефондарын алып қоймақ екен.
"Шынымды айтсам, анама той болған кезде барлық қонақтан ұялы телефондарын алып қояйық деп айттым. Себебі, бүкіл Instgram оқырмандары менің тойымды көргенін қаламаймын. Оның үстіне анам барлығын шақырайын деп жатыр", — деді ол.
Сондай-ақ, бойжеткен бұл тойды жасау үшін несие алмайтынын және сәлем салу дәстүрі туралы көп ешнәрсе білмейтінін жеткізді.
"Құдайға шүкір, несиемен қиындық жоқ. Сіз мені қазір ыңғайыссыз жағдайға қалдырып тұрсыз. (…) Бірақ, білмеймін. Міндетті түрде сәлем бере ме? Жалпы сәлем салып жаттығуға кірісейін", — деді Баян Алагөзованың қызы.
Яғни Айсәуле Бақытбек болашақ жары мен отбасы үшін көп нәрсені үйренуге дайын екенін жеткізді.
sputniknews.kz


28 қыркүйек 2018 ж. 2 764 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам