Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰШАҚҚА БИЛЕТСІЗ КІРГЕН ТӨРЕҒАЛИ БІР ЖЫЛҒА ТҮРМЕГЕ ТҮСУІ МҮМКІН (ВИДЕО)

ҰШАҚҚА БИЛЕТСІЗ КІРГЕН ТӨРЕҒАЛИ БІР ЖЫЛҒА ТҮРМЕГЕ ТҮСУІ МҮМКІН (ВИДЕО)

    Осыдан біраз уақыт бұрын ұшақ бортына билетсіз өткен Төреғали Төреәлі осы әрекеті үшін екі миллион айыппұл төлеуі немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды "Астана" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Көліктегі ішкі істер департаменті қылмыстық кодекстің 392 бабының 1 бөлігі бойынша іс қозғалғанын мәлім етті.
Ал заңгер Сергей Уткин Төреғалидің бұл қадамға амалсыз барғаны анықталса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын айтты.
"Заң тілінде "қылмысқа амалсыздан барды" деген түсінік бар. Алайда жақыны өмір мен өлім арасында жатса, ол шекарадан да аттап кетеді. Осы қылмысқа шарасыздан барса, күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен бостуға болады", - деді заңгер.
Айта кетейік, бұл шу 13 қыркүйек күні КС 929 "Алматы-Гонконг"бағытындағы халықаралық ұшақта орын алған еді.
Кейін әншіні бортқа рұқсатсыз өткізген әуежай қызметкерлеріне айыппұл салынды.
Жолаушыларды 18 минутқа кешіктірген әншінің даулы мәселесі желіде қызу талқыға түсіп, тергеу жұмыстары басталды.
Төреғалидің ісі қасақана заңсыз шекарадан өту фактісі бойынша тексеріліп, қылмыстық іс қозғалды.
Көп ұзамай әншінің әкесі Төреғалидің атышулы оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады.
Сондай-ақ, әншінің көпшіліктің көзіне көріне бермейтін анасы ұлының даулы оқиғаларына қатысты түсініктеме берді.
16 қазан 2018 ж. 1 915 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам