ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТЕРГЕЛІП ЖАТЫР
Үстіміздегі жылдың 18-шілдесінде Жаңақорған ауданынына қарасты Шалқия кентінде қылмыстық оқиға орын алды. Аталмыш ауылда 13 жасар қыз зорлықпен қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Осы жағдайға байланысты оқиғаның мән-жайы жөнінде өңірлік коммуникациялар орталығында баспасөз мәслихаты өткізілді.
– Жаңақорған ауданында орын алған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен және 120-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы қылмысты жасаған деген күдікпен Шалқия кентінің тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды, – деді Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасының бастығы Әбдібек Жаңазаров.
облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасының бастығы Әбдібек Жаңазаров.
А.БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.