Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН "АРХЕОЛОГ" ЛАГЕРІН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН "АРХЕОЛОГ" ЛАГЕРІН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Оқушылар мен студенттер Сығанақ және Жанкент қалаларының қазба жұмыстарына қатысады. Келер жылдан бастап облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері бірнеше ірі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Солардың бірі – жастарға арналған "Археолог" лагерінің ашылуы.
         – Біздер бірнеше жобаларды ұсындық. Егер олар қаржыланса, келер жылдан бастап жүзеге асырамыз. Сонымен қатар, жастарға арналған арнайы археологиялық лагерь ашуды ұсынып отырмыз. Оқушылардан және студенттерден құралған топ 20 күн ішінде ортағасырлық көне Сығанақ және Жанкент қалаларының қазба жұмыстарына қатыстырылады. Сондай-ақ, лагерде ғалымдармен кездесу, қасиетті нысандарға экспедициялар мен экскурсиялар ұйымдастырылады, – деді тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Асхат Сайлау.
         Бұл жоба көне өлкенің тарихы мен мәдениетінің дамуы туралы өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған. Айта кету керек, "Қазақстанның қасиетті нысандары" жобасы аясында облыстық музей "Қызылорда облысының киелі жерлеріне саяхат" жобасын жүзеге асыруда. Бүгінде 400 бала ортағасырлық көне қалаларды және сәулет ескерткіштеріне саяхат жасап, қасиетті жерлерді аралады.
"Ақмешіт-ақпарат".
22 қараша 2018 ж. 1 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам