Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӨНЕ ҚАЛАЛАР КҮМБЕРІ

КӨНЕ ҚАЛАЛАР КҮМБЕРІ

   Аузы дуалы бабалардан «Тарихи естелігі жоқ халық ғана ештеңе жоғалт­пай­ды» деген аталы сөз қалған. Расында, шежірелі тарих – ұлттың өткенін ұлықтап, келешегін бекемдейтін бірден-бір құндылық. Ал, оның өзегін құрайтын мәдени ескерткіштер мен рухани мұраларды қорғау – тұтас қоғам алдындағы мерейлі міндет.                                                    
  Мәдени-тарихи құн­дылыққа ие нысандарды сақтау және қорғауға, ұқыпты пайдалануға бағдарланған осындай іс-шаралар кешенімен бізде арнайы облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс жасайды. Аталмыш мекеме тарапынан зерттеулердің археологиялық бағытына да ерекше көңіл бөлініп,  оның ішінде барлық тарихи орындарды зерделеуге, ұлттық мұраларды халықаралық деңгейде насихаттауға басымдық беріліп отыр. Алғаш1992 жылы тарихи мұраларды қорғау, қайта қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі облыстық мемлекеттік инспекциясы атауымен құрылған. Бұл орын кейін араға 10 жылдай уақыт салып, облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі мәртебесін алды. «Тарих және археология», «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау», «Археология және ғылыми зерттеу» бөлімдері құрылды. Содан бері олардың зерттелуін, анықталуын, есепке алынуын, сақталуын, пайдалануын және қалпына келтіру шараларын жүзеге асырып келеді. Мәселен, облыс көлемінде 517 тарихи-мәдени мұра нысандары мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 30-ы республикалық, 256-і жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген. Сондай-ақ, 231 ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра нысандарының қатарын толықтырып отыр. Жыл сайын мәдениет үшін мәйекті істердің жаршысына айналған мекеме ұжымы биыл да біршама өрелі еңбек пен тынымды тірлікке бастама болып отыр. Облыстық бюджет есебінен өңірдегі Жанкент, Бәбіш мола, Сығанақ, Сортөбе, Қышқала қалашықтарына жүргізілетін археологиялық қазба жұмыстарына, Сырдария ауданындағы Қалжан ахун мешіт-медресесі мен Жалағаш ауданындағы Мырзабай ахун жерлеу кешеніне жүргізілетін қайта жаңғырту – сондай байыпты бастамалардың бір парасы. Сонымен қатар, қызмет көрсетудің инновациялық тәслдерін мәдениет саласымен де ұштастыра түсу мақсатында аймақтағы 150 нысанның 3D форматтағы интерактивті картасын әзірлеуге қаржы бөлінген. Аталмыш бағыттағы шара алдағы қараша айында өз мәресіне жетіп, бұл істі тиісті мердігер компания жүзеге асырмақ.                       – Біздің басты міндет – ескерткіштерді құртып-жоюдан, қиратудан, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи орнынан алып тастаудан қорғау. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде облыстың мәдени нысандары жыл сайын толыға түсуде. Оған жаңа ескерткіштерді ашумен қатар, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлермен қол жеткізіп келеміз. Кеше ғана әнші, сазгер жерлесіміз Батырхан Шөкеновке облыс орталығынан ескерткіш орнатылды. Ескерткішті сапалы материалдан құю шаралары Астана қаласындағы «Қазақстан көркем комбинаты «ҚазАрт» ЖШС шеберханасында жасалды. Ал, осыдан екі жыл бұрын Қазалы ауданындағы Жанкент, Қармақшы ауданындағы Шірік-Рабат, Жаңақорған аумағындағы Сығанақ қалашықтарына археологиялық қазба-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Былтыр олармен қатар, Сортөбе, Жент қалашықтарына және Арал ауданындағы Кердері кесенесіне археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қазба нәтижесінде көптеген құнды жәдігерлер табылып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырылды, – дейді мекеме директоры Сапар Көзейбаев.                                                  
                                 Айта кетейік, өңірдегі ескерткіштерді есепке алу, сақтау және оларды қорғау бағытындағы жұмыстарды үйлестіру, нақты шешімдер шығару, жаңадан ескерткіштер мен мүсіндерді орнатуды ұйымдастыру мақсатында арнайы облыстық комиссия құрылған. Олар өз кезегінде мәдени нысанды орнатуды реттеу, тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану немесе керісінше, оларды бастапқы мәртебесінен айыру сынды тиісті қорытындылар әзірлейді. Осы бағыттағы тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес тұрақты түрде жылына екі мәрте ұйымдастырылып келеді. Мұндағы мақсат та, меже де – біреу. Ұлт құндылығын ұлықтау, шерлі шежірені көздің қаршығындай сақтап, келешекке аманттау.
                                                            Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА. 
05 маусым 2018 ж. 2 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам