Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШӘКӘРІМНІҢ СҮЙЕГІ ЖЕТКІЗІЛГЕН ШАБАДАН МУЗЕЙГЕ ҚОЙЫЛДЫ

ШӘКӘРІМНІҢ СҮЙЕГІ ЖЕТКІЗІЛГЕН ШАБАДАН МУЗЕЙГЕ ҚОЙЫЛДЫ

Шығыс Қазақстан облысында Абайдың "Жидебей Бөрілі" музейінде қазақтың ұлы ақыны әрі философ Шәкәрім Құдайбердіұлының сүйегі жеткізілген шабадан жұртшылық алдына шығарылды, - деп хабарлайды Устинка LIVE.
Музей директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаеваның айтуынша, шабадан музейге 2017 жылы жеткізілген, бірақ ол тек бүгін ғана көрермен алдына шығарылып отыр, оған себеп - сарапшылардың экспонатты көп уақыт зерттеуі.  Оның айтуынша, Ахат Құдайбердиев әкесі Шәкәрімнің 30 жылдай құдықта қалып қойған мүрдесін Бақсаннан Жидебайға дәл осы шабаданмен жеткізген деп сеніммен айтуға болады. 1961 жылы Ахат Шәкәрімұлы осы шабаданды алып, Бақсанға жол тартқан.  Оның жүргізушісі болып жұмыс істеген Қабимолла Медеуов Ахатты осы шабаданымен Қарауылдағы Шағатай Ысқақовтың үйіне жеткізген. Музейдегілер шабаданның 1961 жылы жасалғанын, ал 2017 жылға дейін Доланбековтер әулетінде болып келгенін айтып отыр.
23 қараша 2018 ж. 1 194 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам