Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Гаухар Әлімбекованы қайта сотқа берді

Гаухар Әлімбекованы қайта сотқа берді

   Белгілі әнші Гаухар Әлімбекованың ісі мүлдем басқа арнаға бұрылуы мүмкін. Осыған дейін әншіге алдандым деп сотқа беріп, әрі сотта жеңіп шыққан Бақыт Назарова аппеляция берілуі себепті бостандықта жүрген Гаухар Әлімбекованың үстінен тағы да сотқа арыз түсірді.
Бұл туралы 31 арна хабарлады, деп жазады Stan.kz.
Бақыт Назарованың айтуынша, әнші әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратып, абыройын аяқ асты қылған. Соның кесірінен Назарова көшеге шыға алмай қалдым, деп шағымын жеткізді. 
Дүйсенбі – Бақыт Назарованың жалғыз демалыс күні. Басқа күндері жан бағу үшін «барахолка» аталып кеткен ашық базарда сауда жасайды. Жасы алпысқа жақындаған әйелдің жұмыс істеуден басқа амалы жоқ. Ай сайын алқымнан алатын 330 мың теңге несием бар дейді, ол.
Алайда, бұрынғы құрбысы Гаухар Әлімбекова екеуінің арасындағы баспана дауынан кейін Бақыттың базарға шығып, нәпақасын табуы да қиындап кетті. 
«Мені танып қалған адамдар келіп: «Саған осы не керек? Проблема іздеп жүрсін ба? деп ауыр сөздер айта бастады. Мен қорқа бастадым. Өзім несиемді төлей алмай қысылып, қарызданып жүргенде бұл оқиға менің жүрегіме қатты әсер ете бастады. Мен адам көрсем дірілдейтін болдым»,- дейді Бақыт Назарова.
Ал Әлімбекованың жүрегі аса қатты дірілдемейтін сияқты. Гаухар ақ гипске оралған қолына қарамастан Ақбота Керімбекованың тойына барып, келінін қарсы алды. Тіпті, "Орындалған арман" деген ән де жазып үлгеріпті. 
Бақыттың жанына батқаны әншінің әлеуметтік желіде өзін меңзеп, қаралауы. Осыдан кейін Назарова бүгін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына арыз жазып, президенттің атына хат жолдапты. 
«Себебі, Әлімбекова өзінің инстаграм парақшасында мені «Б әпке тойға барғанымды, ән салғанымды көре алмай, үстімнен арыз жатып жатыр екен» деген жазған ақпарат таратып отырды. Алғашында мен оған мән бермедім. Себебі, жеке арымның алдында таза болғандықтан, жарайды ештеңе етпейді деп отыра бергем»,- дейді жәбірленуші Назарова.
Ал Әлімбекованың қоғаушысы Абзал Құспан әншінің қандай да бір мәлімдеме жасауға оның моральдық құқығы бар деп есептейді екен. Тіпті, бұл істе Әлімбекованы темір торға қамағысы келетін топтар бар дейді адвокат.
«Тек қана жәбірленуші Бақыт Назарова ғана отырған жоқ. Басқа да, әзірге бізге белгісіз мүмкін, тергеу, прокуратура жағынан ба адамдармен ұйымдасып істегендері белгілі болып отыр. Себебіне мысал келтірсем: Гаухар Әлімбековамен қатар Феруза Ордабаева деген кісі де сотталған болатын. Міне, сол Феруза Ордабаеваның тергеу кезінде болған адвокаты Құсайынов сотқа келген кезде жәбірленуші Бақыт Назарованың қорғаушысы болып кетті. Бұны біз қазір 100 пайыз анықтап отырмыз. Сот үкімімен-ақ шығып отыр бұл мәселе»,- дейді Гаухар Әлімбекованың қорғаушысы Абзал Құспан.
Адвокаттың айтуынша, аппеляциялық сотта көптеген қызық жәйттердің басы ашылмақ. Ал, Бақыт Назарова адвокат Құсайыновты істі жақсы білгені үшін  ресми өкілі болуы өзі сұрап алғанын айтады.
12 наурыз 2019 ж. 1 600 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам