Алтынай Жорабаева бар шындықты айтты(видео)
Алтынай Жорабаева "31" арнаның "Өнер мен Өмір" бағдарламасында бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықов жайлы шындықтың бетін ашты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Осы уақытқа дейін ажырасуының себебін айтпай, жақ ашпай келген әнші Әбдіхалықовтың төрт қызына көмек көрсетпейтінін де жеткізді.
"Менің қыздарым маған бір шарт қойып, "Анау керек. Мынау керек" демейді екен. Біз оған мұқтаж емеспіз. Оны біз оған қалай айтамыз. "Бізге көмектес" деп айтуымыз керек пе? Заңды түрде ерлі-зайыпты болдық. Заңды түрде ажырастық", - дейді Алтынай.
Бағдарлама жүргізушісі Анна Данченко әншіден: "Бір сұхбатыңызда есіңізде болса, мен сізден "Қыздар араласады ма? Араласпайды ма?" деп сұраған болатынмын. Сол кезде сіз айтқансыз "Ол кісі іздемесе, біздің қыздар барып алдына жығылмайды ғой" деген сияқты. Содан бері 1,5 жыл өтті. Әлі сол қалпы? Түк өзгерген жоқ па?", - деп сұраған.
Ал Жорабаева үлкен қызы мен Сәбит Әбдіхалықовтың бір рет кездескенін жасырмады.
"Өткенде үлкен қыз өзі жазып, "Біздің альбомдарымыз қайда?" деп сұрапты. Менен сұрады, мен "алып кеткен екен" дедім. Бәрі менде. Төрт қызым қалай туылып бастағаннан, алты ай болады, бір жас болады суретке түсіре беремін. Сөйтем де, оның барлығын альбомға жинаймын.
Сол альбомды алып кеткен екен. Соны сұраған. Ол кісі алып келіп, екеуі кездескен. Сонда "Көмектесейін бе?" деп сұраған. Сөйтсе, қызым "керек емес" депті. Оны сұрап көмектесу керек пе, негізінде? Мен білмеймін.
Мен қыздарыма ештеңе демеймін. Ешқашан "Араласпа. Жауап бермеңдер. Телефонды блокқа қойыңдар" деп айтқан емеспін. Адамнан мейірім болмаса, өзгеден қайтарым күтуге болмайды ғой.Егер мейірім бермесең, қыздардан алу мүмкін емес қой. Оның үстіне қыз баласы нәзік жанды. Көздерін ашқалы мейірім көрмесе, ол қалай?", - деді Алтынай Жорабаева.
Айта кетейік, әншінің сұхбатының толық нұсқасы әлі әлеуметтік желіге жүктелмегенімен, оның кей сәттері qaz.stars-тың Youtube парақшасында жарияланған.