"Менің келіншегімдей": Төреғали әйелінің туған күніне ерекше тосынсый жасады (видео)
Төреғали әйелінің туған күніне ерекше тосынсый жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Төреғали Төрәлі әйелінің туған күніне күтпеген жерден тосын сый жасап, бойы өзімен бірдей гүл сыйлаған. Бұл туралы өнер иесі желідегі парақшасында жазды. Ол келіншегі Толқынға сыйлығын берген сәті мен ұзату тойындағы, бірге жүрген кездердегі бейнежазбаларды жинап, әсерлі видео жасаған.
"Көп балалы ананың туған күніне", - деп жазды Төреғали Төреәлі өзіне 4 перзент сыйлаған жарының сыйлығын көрсетіп.
Мұны көрген желідегілер таңқалыстарын жасыра алмады. Олар отбасына береке мен бірлік тілеп, сыйластықтарың ажырамасын деп адал ниеттерін білдірді. Желідегілер Төреғали Төреәлінің әйеліне деген ерекше сыйластығына риза болған.
Туған күндерің құтты болсын! Бақытты болыңдар", "Алла ұзақ ғұмыр берсін. Балапандарыңның қызығын көріп, бір жастықта қартайыңдар", "Толқын, ерекше келінсің. Айналайын, өмірің мәнді де, сәнді, жақсылыққа толы болсын", "Толқын бақытты болуға лайықтысың" - десті жұрт.