ҚАРТ АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Әбдіуәли Мұсаевпен кездесіп, ардагерді қарттар күнімен құттықтады.
Ардагер жас өрт сөндірушілердің назар аударғанына өте риза болды және өртке қарсы бөлімдегі 36 жылдық қызметі туралы айтып берді. 1965 жылы 1 сәуірінде 24 жастағы Мұсаев Әбдіуәли Қызылорда қаласы өрт сөндіру командасына өрт сөндірушісі болып қызметке келді. Екі жылдан кейін ол бөлімше командирі болып тағайындалды. 1975 жылы ол қарауыл бастығы болып жұмыс істей бастады. Екі жылдан кейін ол өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары болды. Осылайша ол өрт сөндіру бөлімінің бастығына дейін қызмет атқарды. Қызметтің айтарлықтай уақыт кезеңінде оның есебінде ондаған адамдардың өмірі құтқарылды.
2001 жылы құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін ол өртке қарсы қызметте тағы 7 жыл жұмыс істеді.