Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Адамдар қандай тіршілік иелерінен қорқады?

Адамдар қандай тіршілік иелерінен қорқады?

Адам - Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі. Ақылды әрі айлалы. Әйткенмен кез келген адамның өз қорқынышы болады. Кейде фобия деп те атап жүрміз. Солардың бірі – белгілі бір тіршілік иелерінен қорқу.

Жуырда Прагадағы Карлов университетінің мамандары адамдар қорқатын және ұнатпайтын тіршілік иелеріне қатысты арнайы жүргізген зерттеулерінің қорытындысын шығарды. Ол нәтиже British Journal of Psychology басылымында жарияланды. Арнайы зерттеуге 2000-нан астам адам қатысқан. Оларға жан-жануарлар әлемінен 25 сурет көрсетілген.
Еріктілер қайсы тіршілік иесінен қорқатынын, қайсы тіршілік иесін ұнатпайтынын айтқан. Қорытындысында адамдар ең көп қорқатын тіршілік иесі өрмекші болып шыққан. Олар оның суретін көргеннен-ақ сескенген. Өрмекшіден қорқуды арахнофобия деп атайды. Екінші орында – жылан. Бұл тіршілік иесінен де сескенбейтін жан кемде-кем болар.
Зерттеуге қатысқандардың біразы бұқадан қорқатындарын айтқан. Адамдар ең қорқатын тіршілік иелері ондығына тарақан, құмырсқа, ара, ит, егеуқұйрық, жарғанат пен жәндіктердің дернәсілдері енген. Ал ең жек көретін тіршілік иелері деп таспақұрт, бал ара құрттары мен битті айтқан. Зерттеуге қатысып, сұрақтарға жауап бергендер арасында балық, мысық пен ұлуларға қатысты ешкім жағымсыз пікір айтпаған.

06 қыркүйек 2019 ж. 1 269 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам