«ТЕНДЕРГЕ ТҮСКЕН КЕЛІНШЕК» ДРАМАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ
Нартай Бекежанов атындағы театр ұжымы және Қызылорда облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу мақсатында Медеу Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» драмасын ұсынылды.
Бір ғана жағдай кейде күллі дүниенің күл-талқанын шығаруы әбден мүмкін. Айталық, көлік апаты. Сүттей ұйыған отбасы ұл өсіріп, үйлендіріп, немере сүйіп отырған шағында тағдырдың тәлкегіне ұшырарын білді дейсіз бе? Бір-ақ сәтте... көлігімен зулап келе жатып сол жалғыз ұл кісі қағып кетті. Сынақ: не ата-ана бір тәулікте 100 мың доллар пара беруі керек, не жалғыз ұл темір тордың ар жағынан бір-ақ шығады. Бір айлыққа қарап отырған қарапайым жандар ондай ақшаны қайдан таппақ? «Тендерге түскен келіншек» деп аталатын шығарманың аты қалай еліктірерлік болса, заты да сондай, яғни қызықты да қиын шытырман оқиғаға толы. Спектакльді арнайы мемлекеттік қызметшілер тамашалады. Қойылымды тамашалауға келген көрермендер көп болды. «Тендерге түскен келіншек» драмасын қалың көпшілік жақсы қабылдады.