ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қолданылатын құқықтық актілер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізілді.
Онда Қызылорда облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Сырым Ахметов және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Марал Байқуатова
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қолданылатын құқықтық актілер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жан-жақты талқыланып, қатысушылардан келіп-түскен сұрақтар мен ұсыныстарға тиісті жауаптар берілді.