Үнемі ұйқыңыз келе бере ме?
Адам неге қанша ұйықтаса да, ұйқысы қанбағандай сезімде болады? Жауабы белгілі. Ағзасы толыққанды демалып, қажетті энергияны жинай алмайды. Әлсіздікпен күресудің мына тәсілдері қарастырып көріңіз. Жаттығу жасаңыз. Күннің дұрыс басталуын қадағалаңыз. Физикалық жаттығу қан айналымын жақсартып, жүрек соғысын күшейтеді.Бұл ішкі қуатыңызды оятудың ең жақсы әрі таптырмас тәсілі. Егер үйде болсаңыз аздаған жаттығудан кейін душ қабылдасаңыз да жақсы көмектеседі. Ал кеңседе болып, жаттығу жасауға мүмкіндік жоқ десеңіз, сатымен бірнеше рет жоғары көтеріліп, төмен түсіңіз. Мұны түскі астан кейін орындасаңыз да болады. Тамақ ішкеннен кейін бірден ұйқыға кеткісі келетін ағзаңызды өте жақсы сергітеді. Ұйқышылдықтан арылу үшін, су ішіңіз. Негізінде судан асқан энергетик жоқ. Таңертең бөлме темпертатурасындағы бір стақан суды ішу арқылы ағзадағы барлық процесс іске қосылып, белсенділік оянады. Сондықтан ұйқыңызды аша алмай тұрсаңыз бірден осы ғажайып сұйықтықты 200-400 мл мөлшерде алыңыз. Ғалымдар ағзада су балансы жақсы сақталса, ми да жақсырақ жұмыс істейтінін дәлелдеген. Мұндай нәтиже беруге тіпті кофенің де күші жетпейді.
Күшіңіз сарқылуына қарсы тұру үшін үзіліс жасаңыз. Күнделікті қайталана беретін күн тәртібі миымызды ұйықтатып тастайды. Бір күнде бітіруіңіз керек жұмыстарыңыз көп босла да, күнделікті қайталана берген соң оны миға түсіндіре алмайсыз. Демек қысқа уақыттық үзіліс жасау керек. Бойыңыздағы еріншектікке бола күш-қуатым таусылды деп өз-өзіңізді алдамаңыз.
Бөлмені желдетіңіз немесе таза ауаға шығыңыз. Қанға оттегі көп мөлшерде келген кезде шаршаған ағзаны сергітеді. Адам денесі температураның кішкене болса да өзгерісін тез қабылдайды. Егер ауа райы ыстық болса, кондиционерді қосып, салқын температураға қоюға болады. Ал егер таза ауа жұтуға шықсаңыз оған аздаған дене жаттығуын қосыңыз. Бұл да ұйқымен күресуге қосымша құрал болмақ.
Назарыңызды басқа нәрсеге аударыңыз. Егер компьютермен жұмыс істейтін болсаңыз, жұмыс үстелінен тұратын себеп табыңыз. Қағаз әкелу үшін келесі бөлімге баруға болады немесе бір шыны кофе алып келіңіз, әріптестеріңізге де дайындап берсеңіз қуанып қалады. Әдетте ұйқысы кеп отырған адамның бар ойы ішкі әлемінде болады да, ойы жан-жаққа шашырап, қателік жібереді.
Көңілді, ырғақты әуен тыңдаңыз. Музыканың алпауыт күші бар. Көңіл күіңізді көтеріп, естеліктерді еске түсіретін әуендер жинағын жасап, күнделікті тыңдауды әдетке айналдырыңыз.