Сорпаның айықпас дертке қарсы емдік қасиеті бары анықталды
Зерттеушілер безгек ауруын емдеуге қолданылып келе жатқан 56 сорпаның үлгісіне анализ жасады. Сүзгіден өткен экстрактыны 72 сағат P.falciparum паразитімен оқшаулаған. Нәтижесінде сорпаның 5 түрі паразиттің көбеюін 50 пайызға дейін тоқтата алатын болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Безгекке қарсы ем болар сорпаның құрамы әр түрлі болғандықтан, зерттеушілер дәл қай ингредиенттің пайдалы екендігін басып айта алмайды. Нақты мәлімет болашақта жасалатын зерттеулерде анықталып, клиникалық тәжірибелердегі тестілеуінде белгілі болмақ.
Халықаралық зерттеушілер тобы адамдардың ғажайыпқа, шайтан мен белгісіз күштерге сенуі жұқпалы ауруларды емдеуде пайдасы барын анықтағандығы туралы бұған дейін айтылып жүрген.
Безгек ауруын қоздырушы Plasmodium, ал ауру шыбын-шіркей арқылы таралады. Жыл сайын бұл жұқпалы аурудан 400 мыңға жуық адам көз жұмады.