Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЫРҒА САЛУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

СЫРҒА САЛУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

   Құдалық – екі жастың ғана емес, екі отбасының, қала берді екі рулы елдің бір-бірімен туыстасуына дәнекер болатын дәс­түр. Ол қызға сырға салудан басталады. Ел арасында бесікте жатқан бүлдіршіннің құлағына сырға тағып, құда болуға уәделе­сетін ата-аналарды да кездестіруге болады. Салтымызда мұны «бесік құда» немесе «белгі салу» деп атайды.
Құда түсетін қыздың құлағына тек алтын сырға тағылады. Мейлі, ол сәби болса да. Өйт­кені, қазақ халқы қыз баланы алтынға балаған. Құдалар жағы көңіліне жаққан қызды келін етіп түсіргенше «ол біздің алтынымыз» деп айтып отыратын болған. Осы ретте қыз балаға не себепті ерте жастан құда түскен деген сұрақтың туындары анық.
– «Сырға салу» дәстүрі қарлығашта­ры­мыз­дың ерте жастан үй шаруасына араласып, әйел адамның міндеттерін үйренуіне жол ашатын болған. Әрі бұл оның бой жеткенінде басқа үйдің түтінін түтетуге психологиялық жағынан дайындалуына да септігін тигізген. Айттырылып қойған қыздар ұзатылғанша үкілі бөрік киіп жүрген. Айта кету керек, егер де қалыңдықтың әкесі келісімді бұзса, ол қызының үкісі мен сыр­ғасын қайтарып қана қоймай, айыппұл тө­леген, – дейді Сайрам ауданы Ақсукент ауылының тұрғыны, келін түсіріп, қыз ұзатқан ардақты ана Айбүбі Қаңлыбайқызы.
«Қыздардың құлағына алтын сырға» деген сөз көбіне бойжеткен бикештерге қарата ай­ты­­лады. Өйткені, осы кезде олар өздерінің жү­ріс-тұрысына мән беріп, бойларын жат қы­лықтардан ау­лақ ұстауы тиіс деп саналған. Тіпті, сырғасының сылдырын естіртпей жүруі керек болған. Қыз балалардың құлағын тесудің бір сыры осында жатса керек.
Жалпы, сырға салу – келін түсіруге арналған жөн-жоралғылардың ең алғашқысы. Халқымыз атастырылған қыздың құла­ғына кез келген сыр­ғаны тақпаған. Оны арнайы зергерлерге соқтырып дайындаған. Қазіргі таңда ұлттық өнеріміз заман ағымына сай жаңаша бағытта дамып, қалыңдықтардың құлағына тағы­ла­тын сырғалар сақинасымен бірге жаса­лынуда. Зергерлік дүкендерден олардың түр-түрін табуға болады. Тіпті, олардың гауһар тастармен көмкеріп безендірілген әшекейлерін де кездестіресіз.
Сырға салу дәстүрін орындау үшін ең алды­мен қыздың үйіне жігіт жағынан бірнеше адам келіп, қалыңдықты алып кететін күнді белгілейді. Қыздың ата-анасы бұған арнайы дайындалып, мал сойып, құдаларды құрметпен күтіп алып, шығарып салады. Қазақ халқы ұзатылатын қыз­­дың құлағына сырғаны кез келген адамға салдырмаған. Оның келін болып түскен жұртына тастай батып, судай сіңуі, сыйлы болуы міндет саналған. Яғни жас келін болашақта сол секілді өнегелі болсын деп ырымдаған. Қыздың жеңгелері құдаларға қалыңдықты көрсетіп, көрімдік алған. Осы кезде жігіттің жеңгелері «құлағың жамандықты естімесін» деп қыздың құлағына алтын сырға тағып, бетінен сүйген. Еліміздің кей өңірлерінде бұл дәстүр «сырғалық» деп аталады.
Жалпы, қызды ұзату рәсіміне дейін іске асырылатын бұл дәстүр әлі күнге дейін ұлттық бояуын жоғалтқан жоқ.
http://reactor.inform.kz/kz
15 желтоқсан 2017 ж. 10 932 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам