Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » САНДАР СӨЙЛЕЙДІ: 12 САНЫНЫҢ ҚАСИЕТІ. ҚАЗАҚЫ НАНЫМ-СЕНІМ

САНДАР СӨЙЛЕЙДІ: 12 САНЫНЫҢ ҚАСИЕТІ. ҚАЗАҚЫ НАНЫМ-СЕНІМ

  Қазақтың лиро-эпос жырларында да 12 санын кездестіруге болады:
«Орай да орай оқ атқан
Он екі тұтам жай тартқан!»
(«Қобыланды батыр»)
«Он екі айдың жартысы жаз болады,
Жаз белгісі үйрек пен қаз болады»
(«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»)
«Үлкендігі басының
Он екі қарыс қазандай»
(«Қамбар батыр»)
деген сөз тіркестері 12 санын ерекше қасиет тұтудың белгісі.
12 саны қазақ халқының ертегілерінде, өлеңдерінде, жұмбақтарында да жиі кездеседі. Мысалы:
Біз, біз, біз едік,
Біз он екі қыз едік.
Тап боп отқа шоқ болдық,
Таң атарда жоқ болдық.
Бұрынғы қариялар мектепке баратын балаларға тілек-бата айтатын: «Хатты тез танып, кітапты көп оқып, Лұқпандай хакім, Атымтайдай жомарт, 12 ғалымның тілін білсін» деп.
Қазақта Ораза айын 12 айдың сұлтаны дейді. Өйткені осы айда дау-дамайдан, ұрыс-керістен, ұрлық-қарлықтан арылып, тек денсаулықты, тазалықты, жақсы мінезді қалыптастыру керек.
Жылқы малын сойғанда, соғым етін 12 жілікке бөлуі, киіз үйдің де 12 қанатқа дейін болуы санның қасиеттілігінен болар.
http://reactor.inform.kz/kz/sandar-soyleydi-12-sanynyn-kasieti-kazaky-nanym-senim-a52435
20 желтоқсан 2017 ж. 4 567 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам