ҰЗАҚ ЖАСАУДЫҢ ЖЕҢІЛ ЖОЛЫ ТАБЫЛДЫ
АҚШ-тың Йель университетінің ғалымдары ағзаның инсулинге сезімталдығын реттейтін бета-Klotho ақуызының үш өлшемді құрылымын ашты. Бұл зерттеу туралы EurekAlert! сайтында жарияланған. Зерттеу қорытыныдысы бұл ақуыздың белсенділігі адамның өмірін ұзарта алатынын көрсетті. Klotho ақуыздары жасуша мембранасын орап тұрады және белгі беруші фибробласттар өсімінің факторы (FGF) аталатын молекулалармен байланысып тұрады. Өз кезегінде өсім факторлары көптеген жасушалар мен тіндердің пролиферация және дифференциясына қатысады. Klotho ақуыздарының түрлері ашығу кезінде бөлінетін FGF21 немесе FGF23 факторларымен қосылады. Соңында GF21-Klotho кешені инсулинге сезімталдықты реттеп, глюкозаның сіңуіне септеседі. Ғалымдардың сөзінше, Klotho белсенділігінің артуы тамақтануды өзгертпей-ақ калорияны тарқатуды күшейтеді. Ақуыздың жұмысына түрткі болатын дәрмектер семіздікпен қатар, инсулинге тәуелсіз емес қант диабетімен күресуге де көмектеседі. Сонымен қатар, бұл қосынды қартаюға қарсы әсері болғандықтан, өмір жасын ұзартуға да септеспек.
kaz.tengrinews.kz