Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАПОНИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАР ЖАҢА ҚАН ТОПТАРЫНА САРАПТАМА ЖАСАУДА

ЖАПОНИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАР ЖАҢА ҚАН ТОПТАРЫНА САРАПТАМА ЖАСАУДА

  Қазіргі таңдағы медицинада төрт түрлі қан тобы бары белгілі. Адам денсаулығына осы төрт түрлі қан тобы негізінде сараптама жасалып келеді. Алайда жапондық ғалымдар қан топтарының саны төртпен шектелмейтінін алға тартып отыр, - деп жазады massaget.kz.
«Күншығыс елінің» ғалымдары бүгінде кем дегенде төрт түрлі қан тобынан бөлек, тағы екі түрлі қан тобы барын хабарлауда. Ол қан топтарына сандық атау емес, ат беріп, «Junior» және «Langereis» деп отыр.
Жапондық ғалымдардың жаңалығы өздерін де таңдандырған. Олар зерттеу барысында жаңа қан топтары бұрыннан мәлім қан топтарынан едеәуір айырмашылығы барына көз жеткізген. Нәтижесінде жаңа қан тобының пайда болуына «Фукусима-1» атом электр станциясындағы ірі жарылыстың әсері болуы мүмкін екенін айтуда. Радиация адамның қанына әсер еткен деген қорытындыға келген.
Бірқатар ғалымдар жаңа қан тобының пайда болуын қалыпты құбылыс ретінде бағалауда. Уақыт өте келе биологиялық өзгеріс пен даму негізінде жаңа қан тобы түзілетінін алға тартады. Олар алдағы 100 жылда қан тобының саны 15-ке дейін жетуі мүмкін екенін де болжап отыр.
Айта кетейік, аталған екі қан тобы барын Вермонт университетінің мамандары осыдан бірнеше жыл бұрын хабарлаған еді. Алайда олар өз зерттеулерін толықтай аяқтамаған-ды

04 қазан 2017 ж. 2 964 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам