Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚША АЙ АТАУЛАРЫНЫҢ СЫРЫ

ҚАЗАҚША АЙ АТАУЛАРЫНЫҢ СЫРЫ

   Қаңтар — қыстың екінші айы. Күннің барынша қысқарып, байланғандай қаңтарылып тұрып, қалуына орай "қаңтар" деп атаған. Ескі түркі сөзі. Бұл айдан кейін күн ұзара бастайды. "Қаңтарда күн қарға адым ұзарады" дейді халық. 

Мерекелі күн: 

1-2 қаңтар — Еуропаша Жаңа жыл. 

Ақпан — қыстың соңғы айы. "Ақпан" — қазақтың "ақ ықпа", яғни боран деген сөзінен шыққан. Осы айда келетін амалды "Ақпан-дақпан алты күн, аязымен жеті күн" деген. Бұл жеті күн нағыз қыс ортасына келеді. Қар жауып, жел тұрып, боран, бұрқасын болады. Аяз күшейеді. 

Малдың жұтқа ұшырауы осы айда басталады. Олар тауды ықтап, ағашты паналайды. Айдалада адасып, аштық пен суықтан қырылып қалады. Жұт дегеніміз — осы. 

Наурыз — көктемнің алғашқы айы. Парсыша "жаңа күн" деген мағына береді. Шындығында наурыз айдың аты емес, жыл басы, мейрамының атауы. Қазақтар наурыз мерекесін ұлыстың ұлы күні — жыл басы ретінде тойлау дәстүрімен ай атына айналдырып жіберген. 22 наурызда күн мен түн теңеледі. 

Наурыз айындағы мереке күндері: 

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні. 
22 наурыз — Жаңа жыл мейрамы. 

Сәуір — көктемнің екінші айы. Арабша "өгіз" деген мағынаны білдіреді. "Өгіз" күн жолындағы шоқ жұлдыздың аты. Қазақтар оны ай аты ретінде қолданып кеткен. Сәуірдің ертеден келе жатқан қазақша аты "көкек" болатын. "Көкек — ұшқалақ, жеңілтек құс, өз атын өзі шақырады. Сондықтан бұл сөз жағымсыз мәнде айтылады" — деген оймен оны сәуірмен алмастырған. 

Мерекелі күн: 

12 сәуір — Ғарышкерлер күні. 

Мамыр — көктемнің соңғы айы. Жыл құстарының машығын төгіп, көл жағасына ұя салып мамырлайтын, семіретін кезі. Ескі түркі тілінде "мамыр" — тоқшылық, семіру деген мағынаны білдіреді. Осы айда мал да оңала бастайды. 

Мерекелі күндер: 

1 мамыр — Қазақстан халықтарының Бірлігі күні. 
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні. 
9 мамыр — Жеңіс күні. 
31 мамыр — Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды еске алу күні. 

Маусым — жаздың алғашқы айы. Арабтың "мезгіл" деген сөзі. Шөп шабу, пішен дайындау маусымына байланысты ай аты осылай аталған. Үнді, еуропа тілдерінде маусым сөзімен төркіндес муссон термині — "жазда мұхиттан құрлыққа, ал қыста құрлықтан мұхитқа қарай соғатын жел" дегенді білдіреді. 

Мерекелі күндер: 

1 маусым — Балаларды қорғау күні. 
28 маусым — Баспасөз күні.
09 шілде 2018 ж. 1 886 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам